Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті 6 ақпанда Түркия Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесу өткізеді.
Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдары талқыланады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер мен өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады. Тағайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2020 жылғы 9 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.