ПАВЛОДАР. 6 ақпан. Облыс орталығындағы Гагарин көшесіндегі 9 қабаттыжаңа үй пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Облыста «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Аймақтарды дамыту» бағдарламалары аясында биыл 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.Қазір қаладғы Толстой көшесіндегі бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Ең бастысы «Сарыарқа» атты тұрғын үй кешені салынуда. Облыстық бюджеттен 5 үйдің құрылысына 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Валерий Бугаев.