• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

Семейде әлеуметтік дүкен ашылды (фото)

574 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 6 ақпан. Семей қаласында «Бәрі де ризашылық үшін» атауымен екі әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған дүкенге мұқтаж жандар келіп, өздеріне қажетті заттарды тегін алуына болады. Мұндай дүкендерді құру идеясы «Халық сүйіктісі-2015» ұлттық сыйлығында ерекше аталып өтіп, үздік әлеуметтік бастама ретінде танылған болатын. Дүкен сөрелері қала тұрғындарының қайтарымсыз беретін тауарларының есебінен толығып отырады. Оның ішінде таза, тіпті мүлдем киілмеген киімдер, аяқ киімдер, балаларға арналған заттар, азық-түлік және басқа да тұтыну заттары бар. Заттарды қабылдау пункті қазір жұмыс істеп тұр. «Мұндай өзгеше сауда нысанын ашу – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қаншалықты екенін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан қайырымдылық істі қолдай отырып, шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілерін әлеуметтік жағынан аз қамтылған халыққа қолдан келген көмекті аямауға шақырамыз», – деді ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Игорь Шацкий. Ол сондай-ақ, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, көмектерін ұсынған жекелеген кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Мәселен, әлеуметтік дүкенге «Ук Юнис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы сомасы 118,3 мың теңге тұратын 910 дана жаңа шұлық түрінде материалдық көмек көрсетсе, «Смок» базары 60 мың теңге көлемінде ойыншықтармен қамтамасыз етті. Әлеуметтік дүкендерді құру идеясы негізінен қала қоғамына тиесілі. Белсенділердің бастамасы блогерлердің қызу қолдауына ие болып, үздік әлеуметтік бастама ретінде танылғаны мәлім. «Бұл – жоғары марапат. Біздің жобамыз қала тұрғындарынан жақсы баға алып қана қоймай, мұқтаж жандарға шын мәнінде көмек көрсете алады деп ойлаймыз. «Бәрі де ризашылық үшін» дүкенінің қызметіне сәттілік тілейміз», – деді аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі Людмила Михайлова. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысының ұлттық кәсіпкерлер палатасы.