• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2016

Рио-де-Жанейрода дәстүрлі қысқы карнавал өтуде

365 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 ақпан. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында қысқы карнавал өтудеа. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті билік өкілдерінің есебінше, биылғы карнавал кезінде қалаға миллионнан астам турист келген. Оның үштен бірі шетелдік саяхатшылар. Рио-де-Жанейроның тұрғылықты халқы да костюмді көпшілік шеруге қатысуы үшін көркем әрі ауқымды мерекені тағатсыздана күтеді. Ал, кейбірі төрт күн қатарынан келетін демалыс күндерін жұмыстан демалып, мегаполистен шығып, табиғат аясында серуендеп қайту үшін ұтымды пайдаланып қалғылары келеді. Дәстүр бойынша карнавал Рио-де-Жанейро мэрі Эдуардо Паэстің мереке қожайыны – Момоға қаланың символикалық кілтін табыс етуінен басталады. Ал мереке қожайынының рөліне жыл сайын толық әрі бойы ұзын ер адам таңдалады. Бұл кейіпкермен бірге мерекенің ашылуына карнавал патшайымы қатысады. Бірінші және екінші ханшайымдармен бірге жүретін патшайым да арнайы дауыс беру арқылы таңдалып алынады. Самбо мектептерінің салтанатты байқауы – Рио-де-Жанейродағы карнавалдың негізгі көрінісі. Бұл салтанатты шеру «Маркиз де Сапукаи» деп аталатын самбо алаңында өтеді. Шеру 700 метр алаңға созылып, екі жағынан мінбелер қойылады. Салтанатты шерудің бұл нұсқасы 1980-жылдары Бразилияның белгілі сәулетшісі Оскар Нимейердің жобасы бойынша жасалған. Байқауға қатысатын ұжымдар футбол командалары секілді лигаларға бөлінеді. Ал бұл лиганың ең жоғарысы Арнайы лига болып саналады. Осы лиганың өкілдері барлығы 12 самбо мектебінің түлектері шеру жеңімпазы деген атақ үшін бақ сынасады. Әр ұжымның өнерін танымал қоғам қайраткерлері, музыканттар, әртістер, суретшілер, сәулетшілер мен журналистерден құралған қазылар алқасы бағалайды. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: EPA.