АСТАНА. 7 қаңтар. Ирактың Эрбиль қаласында қонақ үй өртеніп, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мерт болғандардың көбісі шетелдіктер. Олардың басым бөлігі Филиппин мемлекетінің азаматтары. Апат кезінде сондай-ақ, ондаған адам түрлі жарақат алып, жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді.
Тілсіз жаудың негізгі себебі, қонақ үй ішіндегі электр желісін дұрыс пайдаланбағанынан болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Аян Әбдуәли.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: rostov.press.