• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2016

Тула облысында қар бүргелері көбейіп барады

285 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 ақпан. Ресейдің Тула облысында қар үстінде белсене секіріп жүрген жәндіктер көбейіп барады. Мамандар олардың «қар бүргелері» екенін айтып отыр. Бұл туралы «Интерфакс» дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Айтқандай, қар бүргелерінің адам денсаулығына ететін ешқандай әсері жоқ екен. Коллемболдар немесе аяққұйрықтар төменгі температурада өте жақсы өмір сүріп кете береді. Олар тек қана органикалық қалдықтармен – өлі бактериялармен және өсімдіктермен қоректенеді. «Россельхознадзор» мамандары жәндіктердің адамдар тұрақтарына қарай тым жақын келіп қалғанын атап өтеді. Олар Тула облысының Алексей, Щека, Суворов және Ленин аудандарында пайда болған. Қар бүргесінің көруінен қорқудың қажеті жоқ екенін айтады мамандар. Олар шын мәнінде Жер шарының кез келген түкпірінен табылады. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Интерфакс.