• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2016

Чилиде жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып қалды

337 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 ақпан. Чилидің Сан-Хавьер қаласына таяу маңайда жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Апат теміржол бойында болды. Жергілікті өрт сөндірушілердің айтуынша, автомобиль ішінде 7 адам болған. Аман қалған нәресте аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал пойыз жолаушыларынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Алайда, көлік жүргізушісі теміржол бойына шығып кетіп, жүйткіп келген пойызға соқтығысқан деген болжам жасалды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: crashphoto.ru.