• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы  №200

297 рет
көрсетілді

2015 жылғы 20 сәуір, Астана қаласы Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы: 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми түрде жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін. 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №200 бұйрығымен бекітілген Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығы әскери өкілдіктерінің меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын ұйымдармен орындау кезінде жұмыс үдерісін ұйымдастыруды нақтылайды. 3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) аванжоба – өнімді әзірлеу негіздемесін және оның көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану жөніндегі бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттама түрі. Аванжобаның құрамына түсіндірме жазба, қажетті сызбалар, сұлбалар, есептер, сондай-ақ өнімді әзірлеуге арналған техникалық тапсырма жобасы кіреді; 2) арнайы киім нысаны – оқу-жаттығулардағы, арнайы міндеттерді орындау кезінде, жауынгерлік кезекшіліктерде (жауынгерлік қызметтерде), оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника мен сабақтарда және техника мен қару-жараққа қызмет көрсетуде, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы, әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, корабльдердегі, әскери бөлімдер мен мекемелердегі, жағалық базалары аумағындағы жұмыстарды орындауда киетін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың киім нысаны; 3) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен оларға оқ-дәрілер, әскери өнімнің, жұмыстың өзге де түрлері (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығының объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат; 4) әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын әскери орган болып табылады. 5) бастапқы бақылау – жабдықтаушының тұтынушыға немесе тапсырыс берушіге келіп түскен және өнімді дайындау, жөндеу немесе пайдалану кезінде қолдануға арналған өнімінің сапасын бақылау; 6) бұйым (партия) – бір техникалық құжаттама бойынша шектелген уақыт кезеңінде әзірленген және тапсырыс берушінің мекенжайына жіберуге арналған бір текті өнімдер бірлігінің жиынтығы; 7) кезеңдік сынақ – өнімді қолданыстағы конструкторлық және технологиялық құжаттама бойынша дайындауды жалғастыру мүмкіндігін растау және оның қабылдануын жалғастыру мақсатында белгіленген кезеңде өнімнің сапасын және технологиялық үдерістің тұрақтылығын кезең-кезеңімен растау үшін жүргізілетін сынақ; 8) қабылдау – өнімнің техникалық құжаттаманың талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға және шарттың талаптарына сәйкестігін және оның сапасын бақылаудың оңтайлы нәтижелері кезінде әскери өкілдіктер жүзеге асыратын осы өнімдерді жеткізуге және (немесе) пайдалануға жарамдылығын құжат түрде растау рәсімі; 9) қабылдау-тапсыру сынағы – өнімді қабылдау мүмкіндігін айқындау үшін сынақтың осы санаттары, сондай-ақ бақылау үлгі-нұсқасы үшін (егер олар стандарттарда көзделсе) белгіленген стандарттардың талаптарына өнімнің сәйкес келуін бақылау мақсатында жүргізілетін сынақ; 10) қос мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – азаматтық мақсатта пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ретінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер пайдалануы немесе кейіннен қайта бейімдеп пайдалануы мүмкін өнімдер мен технологиялар; 11) міндетті ұсынымдар тізбесі – ұйымның техникалық бақылау бөлімі бақылауға әскери өкілдікке міндетті ұсынуға тиіс әскери өкілдіктер әзірлеген бұйымдар, жинақ бірліктері, технологиялық үдеріс операциялары тізбесі; 12) нормативтік-техникалық құжаттама (НТҚ) – әртүрлі санаттардағы стандарттар, жалпы техникалық талаптар жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттары, тапсырыс берушінің тактикалық-техникалық (техникалық) тапсырмалары, заңда белгіленген тәртіппен бекітілген материалдарға, заттарға, басқа да құжаттарға арналған техникалық шарттар; 13) өнім – тапсырыс беруші бекіткен өнім номенклатурасына енгізілген әскери және қос мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер; 14) өнім номенклатурасы – әскери өкілдіктер сапасын бақылауға және қабылдауға тиіс қару-жарақ пен әскери техника (кешендер, жүйелер) үлгілерінің, олардың құрамдас бөлшектерінің, жиынтықтаушы бұйымдар әскери-техникалық және өзге де мүлік, аванжобалар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық, жобалық, монтаждау жұмыстары және басқа да әскери өнім және қос мақсаттағы өнім тізбесі. Өнімнің номенклатурасын ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шарт негізінде әскери өкілдіктер әзірлейді және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысында бекітеді; 15) өнімді қабылдауды уақытша тоқтату – өнімді қабылдау үдерісін уақытша тоқтату жөніндегі әскери өкілдіктің өкілеттігі ол мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер: қабылдауға екі рет ұсынылған өнім бірлігі (партиясы) қатарынан екі рет ұсынылған кезде қабылдау-тапсыру сынағынан өтпеген; егер өнім бірліктері кезеңдік сынақтан өтпесе; жойылмайтын өнім ақауларына әкеп соқтыратын техникалық үдерісті бұзушылық анықталса (оның ішінде сынау және бақылау құралдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталса); 16) сапаны бақылау – әскери өкілдіктің әскери өнім мен қос мақсаттағы өнімнің техникалық құжаттаманың талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға (ерекшеліктерге) және шарттың талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі қызметі; 17) ішінара бақылау – ол жататын жиынтық ішінен өнім бірлігінің шағын мөлшеріне қатысты бақыланатын кездегі бақылау; 18) техникалық құжаттама (ТҚ) – әскери өнімді әзірлеу, дайындау, монтаждау, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату үшін пайдаланылатын құрылымдық, технологиялық, жобалық, бағдарламалық және нормативтік құжаттама жиынтығы; 19) техникалық бақылау бөлімі (ТББ) – ұйымның техникалық бақылау бөлімі немесе ұйымның өндірістік үдерістер мен өнімнің сапасын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті адамдары; 20) техникалық (кепілдік) қадағалау – әскери өкілдіктердің қатысуымен тапсырыс берушімен бірлесіп, өнімді дайындаушы (әзірлеуші) ұйым оларды тағайындалуы бойынша қолдану (пайдалану) үшін өнім үлгілерін (жиынтықтаушы) жарамды және жұмысқа қабілетті жай-күйде ұстау жөнінде жүргізетін жұмыстар мен іс-шаралар кешені. Техникалық (кепілдік) қадағалау тапсырыс берушінің пайдаланылатын бөлімшелерінде өнімдерге және оларды жиынтықтаушыларға техникалық қызмет көрсету, қалпына келтіру, толық пысықтау немесе жөндеу және жұмыстарын және кейбір басқа да жұмыстарды қамтиды; 21) жаппай бақылау – өнімдердің барлық бірліктері бақыланатын бақылау; 22) ұйым – меншік нысанына қарамастан, тапсырыс берушінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 23) лездеме бақылау – айқындалған ақау немесе кемшіліктер жойылған бұрын бақыланған өнімдерді бақылау. Ол ТББ жұмысының сапасын немесе жабдықты тексеру қажет болған кезде жүзеге асырылады. Лездеме бақылау кенеттен, уақыттың кездейсоқ сәтінде жүзеге асырылуына байланысты оның нәтижелері анағұрлым нақты болады. Жүйелі лездеме бақылауға сонымен қатар цехтардың, учаскелердің және жұмыс орындарының да жай-күйі жатады. 4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын әскери орган болып табылады. 2. Өнімнің сапасын бақылау және қабылдау 5. Өнімнің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру тәртібі «Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысына (бұдан әрі – бақылауды жүзеге асыру қағидасы) сәйкес жүзеге асырылады. Әскери өкілдік тапсырыс беруші мен ұйым арасында жасалған келісімшарттар негізінде осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бақылауға және қабылдауға жататын әскери өкілдікпен бақыланатын өнімнің номенклатурасын әзірлейді, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке міндетті ұсынуға жататын бұйымдардың, жинақ бірліктерінің, технологиялық үдеріс операцияларының міндетті ұсынымдар тізбесін белгілейді. 3. Өнімнің сапасын бақылаудың түрі мен әдісі 6. Ұйымның жеткізілетін өнім сапасы бөлігіндегі шарттық міндеттемелерді орындауды бақылау жөніндегі жұмысы жаппай және ішінара бақылау әдістерімен жүзеге асырылады, бұдан әрі бақылауда оның жоспарында мынадай іс-шаралар: 1) ұйымнан және оның қосалқы мердігерлерінен өнімді өндіруге арналған рұқсаттама құжаттарының көшірмелерін алу; 2) жауапкершілігі анағұрлым жоғары ұйым мен қосалқы мердігерлерден орындау сапасын әскери өкілдік дайындау мен сынаудың мынадай кезеңдерінде тексере алмайтын жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерін, тетіктерді және технологиялық үдерістің операцияларын өндіру мен қабылдап алу және өнім бұйымдарын сынау үдерісінің мониторингі, сондай-ақ оны өндірісте игеру сатысында өнімді өндіру мен қабылдап алу үдерісі; 3) ұйым мен оның қосалқы мердігерінде конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың, білікті өндіруші персоналдың, жарақтардың, жабдықтардың және құрал-саймандардың, жұмыс орындарының және өнімді жасау (аспаптық бақылау) жөніндегі зертхананың бар болуы және сатып алынатын бұйымды бастапқы бақылау, жиынтықтаушы материалдар, дайындамалар және дайын сатып алынатын тетіктер туралы ресми растау алу сипатталады. 7. Әскери өкілдік қабылдайтын өнімнің өндірілуін бақылау жөніндегі жұмыс лездеме бақылау әдісімен жүзеге асырылады. Лездеме бақылаумен міндетті бақылау (жаппай немесе ішінара) тізбесімен қамтылмаған өнімді жасау жөніндегі ұйымның қызметті жан-жақты және бірінші кезекте бекітілген технологиялық үдерістердің сақталуы, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың, жарақтардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың жай-күйі, экономикалық мәселелер, тікелей өнім жасалатын жұмыс орны, сатып алатын бұйымды бастапқы бақылау, материалдардың, дайындамалар мен сатып алынатын дайын тетіктердің сақталуы, сондай-ақ өндірістің, ұйымның зертханалық жұмысы жалпы мәдениетінің жай-күйі, қабылданған өнімді сақтау ережесінің сақталуы және әскери өкілдік бастығының нұсқауы бойынша басқа да мәселелер тексеріледі. 8. Өндірісті лездеме бақылау ұйыммен әзірленген және әскери өкілдікпен келісілген, ұйым басшысы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 9. Өндірісті лездеме бақылау жоспарлы және жоспарланбаған болуы мүмкін. Жоспарланбаған лездеме бақылау әскери өкілдік бастығының нұсқауы бойынша жүргізіледі. Әскери өкілдікте лездеме бақылау бақыланатын объектілерді және тексеру кезеңін көрсете отырып, жылдық және айлық жоспарларда жоспарланады. Лездеме бақылау жоспары әскери өкілдіктің ішкі құжаты болып табылады және ұйымның басшылығына хабарланбайды. 10. Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы өндірісті лездеме бақылауға тапсырмаға әскери өкілдіктің бастығы қолтаңбасын қояды және осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндірісті лездеме бақылауға тапсырманы (бұдан әрі – тарсырма) беру журналына есепке алынады. 11. Лездеме бақылау үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын бақылау лездеме бақылау тапсырмалары бланкілері бойынша әскери өкілдік жүзеге асырады, бланктің бір данасы ұйымның басшысына беріледі, екіншісі (ұйымның іс жүргізуіне қабылданғаны туралы белгі қойылған) есепке алынатын болып табылады және әскери өкілдікте сақталады. 12. Ұйымға келіп түскен жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың сапасы бастапқы бақылаумен бақыланады, оны ұйым НТҚ белгілеген талаптарға жауап бермейтін сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың өндіріске түсуінің алдын алу мақсатында жүзеге асырады. 13. Әскери өкілдік ұшпа бақылаудың жүйелі әдісімен НТҚ бастапқы бақылау жөніндегі талаптарын ұйымның орындауын тексеруге, бақылау кезінде анықталған ақауларға талдау жүргізуге және наразылық білдіру актілерді ресімдеуге қатысуға міндетті. Бастапқы бақылау жөніндегі құжаттарды және бастапқы бақылауға жататын бұйымдар мен материалдардың тізбесін ұйым жасайды оны ұйымның басшысы бекітеді және әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі. 14. Өндіріске әскери өкілдік зауыт-жеткізушіден қабылданған, тапсырыс беруші жеке шарт бойынша қабылдаған және олардың сапасын растайтын ілеспе құжаттары бар (паспорттары, формулярлары, сертификаттары және т.б.) жиынтықтаушы бұйым жіберіледі. 15. Ұйымдағы сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды бастапқы бақылау рәсімдерін мониторингілеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік ерекше назарды: 1) бұйымдар мен материалдарды есепке алуды ұйымдастыруға және олардың қоймаларда сақталуына; 2) дұрыс таңбалануы мен маркіленуіне, паспорттардың, сертификаттардың, ярлыктардың және заттаңбаларының бар болуына және олардың дұрыс толтырылуына; 3) құжаттарда көзделген кооперация бойынша (қосарлы мердігер) жабдықтаушыдан жиынтықтауға келіп түсетін бұйымдарды, материалдарды, шикізатты, жартылай дайын өнімдерді сақтау ережелерінің сақталуына; 4) қоймаларда жарамсыз немесе кепілдік мерзімі өткен бұйымдар мен материалдардың болмауына; 5) ұйымдардың қоймаларында жарамсыз (істен шыққан) және жарамды бұйымдар мен материалдарды бірге сақтау жағдайларын болдырмауға; 6) сатып алынған бұйымдар мен материалдарды өндіріске жіберуде ұйымда белгіленген тәртіптің сақталуына; 7) сақтау мерзімі шектелген бұйымдар мен материалдардың өндіріске уақтылы берілуіне; 8) тексеру зертханаларына жіберу үшін материалдар сынамасының уақтылы іріктелуіне; 9) жаңадан сатып алынатын бұйымдар мен материалдарды, сондай-ақ жабдықтаушылардан жаңа стандарттар бойынша немесе ТУ-дан келіп түсетін, өнім үшін алғаш рет шығарылатын жиынтықтауыштарды мұқият бақылауды қамтамасыз етуге; 10) металдарда (материалдарда) сұраптарын (маркілерін) шатастыруды болдырмайтын шартты бояулардың (таңбалардың) бар болуына; 11) бұйымдар мен материалдарды сақтау ережелерін және оларды өндіріске жіберу тәртібін айқындайтын нұсқаулықтардың бар болуына; 12) бастапқы бақылау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу техникасы мен өлшеу құрал-саймандарының жиынтықтаушы бұйымдар параметрлерін өлшеу кезіндегі дәлдік табының талаптарына сәйкестігін тексеруге аударады. 16. Әскери өкілдік бастапқы бақылауда жиынтықтаушы бұйымдар жарамсыз болған және өндіріс үдерісінде істен шыққан жағдайды қорытындылауға және талдауға және олардың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Жиынтықтаушы бұйымдардың жарамсыздығы, анықталған жарамсыз бұйымдар және қабылданған шаралар туралы әскери өкілдік пайдалануға қабылданған өнімнің төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі соңғы шараны қабылдау үшін тапсырыс берушіге хабарлайды. 17. Жаппай бақылау әдетте, орындау сапасын әскери өкілдік өнімді дайындау мен сынаудың келесі кезеңдерінде тексере алмайтын жауапкершілігі анағұрлым жоғары жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерді, тетіктерді және технологиялық үдерісті қамтиды, ал ішінара бақылау оның белгіленген талаптарға сәйкестгін жан-жақты бағалауға мүмкіндік бермейді. Жаппай бақылау сондай-ақ әскери өнімді өндірісте игеруде және осы өнімді ұзақ үзілістен кейін өндірісте қайта жаңарту кезінде қолданылады. 18. Ішінара бақылау әскери өкілдікке толық ұсынылған бұйымдардың партиясынан жүзеге асырылады. Осындай жағдайда өнімге техникалық шарттарда бақылау жоспары көрсетілуі тиіс (бақыланатын партияның көлемі, таңдау және байқау көлемі, бақлау нормативтері). 4. Жеңіл өнеркәсіп ұйымдары жеткізетін өнімдердің сапасын бақылаудың және қабылдап алудың ерекшеліктері 19. Өнім (әскери және арнайы киім нысаны, айырым белгілері және жеке қорғаныс құралдары) осы мақсатта арнайы бөлінген жеке үй-жайда ашып көрсетілген дайындалған партиялармен бақылау мен сынауға ұсынылады. 20. Әскери өкілдіктің өнімді қабылдауына және оның сапасын бақылауға арналған үй-жайдың жеткілікті алаңы, жарық, жылытылатын, желдетілетін болуы, жабдықпен, станоктармен, манекендермен, лекалолармен, қалыптармен, техникалық құжаттаманы, үлгілерді, арнайы киімдерді сақтауға арналған есігі жабылатын шкафтармен жабдықталуы тиіс. 21. Ұйымның басшылары өнімді қабылдап алуды жүргізу үшін әскери өкілдік бақылауды жүзеге асыру қағидасының 3-тармағы 24-тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді. 22. Ұйым әскери өкілдікке бақылауға дайын өнімді шартта көрсетілген жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей ұсынады. 23. Бақылау мен сынауға дайындалған өнімнің әрбір партиясына ұйым әскери өкілдікке ұйым басшысы мен ТББ бастығы қолтаңбасын қойған хабарламаны осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада береді. Әскери өкілдіктің бастығы ұйым мен Қабылдап алушыға әр қабылдап алынған және жөнелтуге дайындалған партияға осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімнің бұдан әрі пайдалануға жарамдылығы туралы өз қорытындысын береді. 24. Өнім жеткізу кезеңі ағымында әскери өкілдікке біркелкі ұсынылуға тиіс. Әскери өкілдіктің бастығы шарт жасасу алдындағы жұмыс сатысында ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шартқа әскери өкілдікке сапасын бақылауға және қабылдап алуға жататын жекелеген бұйымды, өнімнің жинақ бірліктерін, сондай-ақ технологиялық операцияларды шартты қолдану кезеңі ағымында біркелкі ұсынуға ұйымды міндеттейтін тармақты енгізу қажеттігі туралы өтініш білдіруге міндетті. Өнімді біркелкі ұсынбау және оны үлкен көлемде ұйымда жинау жағдайында қабылдап алудың түбегейлі мерзімін ұйымның басшысымен бірлесіп әскери өкілдіктің бастығы айқындайды. Шартта белгіленген жеткізу мерзімін бұзу қаупі төнген жағдайда өнімді қабылдап алу мен сынауға, әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс беруші мен ұйымға тапсырыс беруші мен ұйым келісілген шешім қабылдауға және (немесе) шартқа өзгерістер енгізуге қажетті уақыт кезеңін көрсете отырып, хабарлама жібереді. 25.Ұсынылған өнімді қабылдап алу мен сынаудың алдында әскери өкілдік: 1) техникалық құжаттамаларға және жиынтықтау ведомосына сәйкес өнім партиясының техникалық параметрлермен белгіленген саны бойынша дұрыс жасақталуын және жинақтаушы тетіктерінің болуын; 2) өнім жасалған материалдардың нормативтік-техникалық құжаттаманың және шартқа техникалық ерекшеліктердің талаптарына сәйкес келуін; 3) өнімнің дұрыс буып түйілуін және таңбалануын; 4) өнімнің паспорттарында (формулярларында) қажетті жазулардың, белгілердің, мөрлердің бар болуын; 5) хабарламалардың және оған қоса берілген құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді. 26. Өнімді қабылдап алу алдында әскери өкіл қабылданатын партиядан кемінде 5 % көлемінде іріктеме (сынама) жасайды. Тексеруден кейін осы партияның бұдан әрі қабылдап алуға жататыны немесе жөнделетін ақауларды жоюға қайтарылатыны айқындалады. Іріктеу (сынама) ұсынылған партияның әртүрлі жерінен жасалады. 27. Әскери өкілдікке өнімді қабылдау үшін қажет сынау жабдықтарын, бақылау-өлшеу құралдарын, НТҚ, зертханалық талдауларды (қорытындыларды) персоналдарды және т.б. уақтылы ұсынбау өнімді қабылдауды тоқтату үшін негіз болып табылады. Өнімді оның көлемінің үлкендігіне байланысты бір уақытта қабылдау мүмкін болмаса, онда оны партиялар (бөліктері) бойынша қабылдайды. 28. Дайын бұйымның жұмыс үлгілерін дайындау, келісу және бекіту кезінде ұйым мен әскери өкілдік тапсырыс беруші бекіткен үлгі-эталондарды басшылыққа алады. Дайын бұйымның алғашқы жұмыс үлгілері өнімді өндіріске жіберген кезде, сонан соң бұйымға арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ үлгілердің тауарлық түрін жою шамасы бойынша жасалады. Бұйымның жұмыс үлгілеріне бас инженер және ұйымның ТББ бастығы қолтаңба қоюы, оны әскери өкілдіктің бастығы келісуі және тапсырыс беруші бекітуі тиіс. 5. Өнімді кезеңдік сынау 29. Өнімді кезеңдік сынау бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Өнімді қабылдауды тоқтату тәртібі 30. Әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды: 1) дайындалған өнімнің стандарттарға және техникалық шарттарға, үлгілерге сәйкес келмеуі анықталған; 2) оларға шартта немесе басқа да екі жақты құжатта көзделген қағидатты өзгерістерді белгіленген мерзімде енгізбей өнім бұйымын шығару жалғастырылған; 3) өнімнің сапасын жақсарту жөнінде бірлесіп қабылданған шешімдер мерзімінде орындалмаған кезде; 4) сынақтардың (сараптамалардың) теріс нәтижелері; 5) өнім өндірудің белгіленген технологиялық үдерісі бұзылған; 6) өндірістегі бұйымның жаппай ақауы болған; 7) егер ол ақаулар өндіріліп жатқан өнімдерде болса, өнімді пайдалану үдерісінде уақытынан бұрын бұзылуға әкеп соқтыратын (істен шығаратын) жасырын ақаулар анықталған жағдайларда тоқтатады. 31. Қабылдап алу мен тиеуді тоқтатудың себебін жаза отырып, әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды тоқтату туралы ұйым басшысы мен тапсырыс берушіге жазбаша бір жұмыс (ағымдағы) күні ішінде хабарлайды. 32. Толық жиынтықталған дайын өнімді түбегейлі қабылдау ұйымның бірінші басшысы мен ұйымның ТББ бастығы қолтаңбаларын қойған хабарлама, сондай-ақ өнімнің дайындығын және оның шарт талаптарына және ТС сәйкестігін куәландыратын паспорт (формуляр) немесе басқа құжат алынғаннан кейін жүргізіледі. 33. Қабылдау-тапсыру сынақтарынан өткен, толық жиынтықталған, ұйым және әскери өкілдік пломбалаған (егер техникалық құжаттарда немесе шартта өзгелер көрсетілмесе) және сапасы НТҚ көзделген кезеңдік және басқа да сынақтармен расталған өнім ғана түбегейлі қабылданған болып саналады. Осыған сәйкес жағдайларда ТС көзделген өнім оралуы (қапталуы) және тасымалдау ыдысына салынуы тиіс. 34. Тапсырыс берушімен шарт бойынша дайындалып, қабылданған өнімге әскери өкілдік бастығы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша расталған екі көшірмесі бар өнімнің шарт талаптарына сәйкес келуі туралы куәлікті ұйымға береді. 35. Қабылдап алынған, ұйымның қоймасына тапсырылған және тиелген өнімді әскери өкілдік осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес шарттарды, дайын өнімді қабылдап алу мен жеткізуді есепке алу журналында есепке алады. 36. Қабылдап алынған өнімді тиеу шарттардың талаптарына және ТС, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Әскери өкілдікке өнімнің тиісті түрде тиелуін, сондай-ақ оның жолда сақталуын қамтамасыз ететін тасымалдау құралдарына орналастырылуын бақылау жүктеледі. 37. Тапсырыс берушінің талабы бойынша әскери өкілдік бастығы жолда жүргенде жүктің күзетілуін қамтамасыз ету үшін әскери қарауылға тапсырыс береді, мұндай жағдайда әскери өкілдіктің бастығы қарауылға тиелген жүктің ерекшелігін түсіндіреді және оның ілеспе құжаттарын береді. 38. Өнімді жөнелткеннен кейін әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс беруші мен жүкті қабылдап алушыға хабарлайды және қолжетімді байланыс құралдарымен өнімді тиеу құжаттарын (бұйымды тиеу актісі осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиеу туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жүкті сақтандыру жөніндегі құжат, сондай-ақ басқа құжаттар) жібереді. 39. Әскери өкілдік тапсырыс берушінің, жүкті алушының тиелген өнімді қабылдап алуын бақылайды, жүкті алушы мен тапсырыс берушіден алынған растаулар есебін жүргізеді. Қабылдап алынған жүк туралы растау уақтылы алынбаған кезде әскери өкілдік растауды алу үшін шаралар қабылданады немесе тапсырыс берушіні рұқсат етілген байланыс құралдары арқылы хабардар ете отырып, өнімді іздестіруді ұйымдастырады. 40. Шетелдік тапсырыс берушілерге экспортқа жіберілетін өнімді тиеу нысаны тапсырыс беруші мен ұйым арасындағы шартта белгіленетін, көшірмесін әскери өкілдік бастығы жоғары тұрған басшылыққа жолдайтын хабарлама (тапсырыс беру, наряд) негізінде жүргізіледі. 41. Әскери өкілдік және ақауларға талдау жүргізеді, толқымалы тораптар мен элементтерді анықтау мақсатында олардың туындау себептерін жүйелейді және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери өкілдікте рекламацияларды есепке алу журналын жүргізеді, ұйымнан бұйымның сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізуді талап етеді. Өнімнің, өнімді жиынтықтаушы элементтердің жөндеуге жатпайтын ақауы анықталған жағдайда әскери өкілдік тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін күнтізбелік үш күн ішінде хабарлама жолдайды. 7. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс 42. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз етуді бақылауды әскери өкілдік оны жобалаудың, өндіріске қоюдың, сериялық өндіру мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде қамтамасыз етеді. 43. Әскери өкілдіктің әзірленетін өнімді қамтамасыз етуі жөніндегі жұмысы: 1) ұйымда Қазақстан Республикасының лицензиялау мәселелері жөніндегі НҚА талаптарына сәйкес тапсырыс берілген өнімді жобалаумен, өндіріске қоюмен, өндірумен, жеткізумен айналысуға уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат берген құжаттың бар болуын; 2) оны әзірлеу кезінде өнімнің сапасын және тапсырыс беруші белгілеген сипаттамасын қамтамасыз етуді; 3) сериялық өндіру барысында өнімнің сапасын қамтамасыз етуді; 4) өндіру мен пайдалану барысында ұйымның өнімді одан әрі жаңғырту міндеттемелерін орындауын; 5) пайдалану барысында ұйымның өнімге арналған кепілдік міндеттемелерін орындауын бақылаудан тұрады. 44. Өнімнің сапасын әзірлеу кезінде бақылау әзірленетін өнім сипаттамасының ТС, ТТ, қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс. 45. Әскери өкілдіктің өнімді әзірлеу кезіндегі сапаны бақылау жөніндегі негізгі міндеттері: 1) әзірленетін өнімнің тактикалық-техникалық сипаттамасының ТТ мен ТС талаптарына сәйкес келу деңгейін бағалау; 2) өнімнің сапасын (төзімділігін) қамтамасыз ету бағдарламасының уақтылы және толық орындалуын бақылау; 3) әзірлеу кезінде туындайтын қателіктер мен ақауларды уақтылы анықтау; 4) тапсырылған сапа көрсеткіштерінен барлық бақылау объектілерінің ауытқулары туралы толық және дұрыс ақпарат алу, сапаны басқару жүйесіндегі өзгерістер бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады. 46. Әскери өкілдіктің сапаны бақылау объектілері: 1) конструкторлық құжаттама; 2) тәжірибелік үлгі, сериялық үлгі, көшбасшылық үлгі; 3) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні жасаудың технологиялық үдерісі; 4) қосарлы жұмыстар, қызметтер 5) көшбасшылық үлгіні пайдаланудың технологиялық үдерісі; 6) әзірлеуді, өндіріске қоюды метрологиялық қамтамасыз ету болуы тиіс. 47. Сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін әскери өкілдік: 1) ұйым жүргізетін сапаны бақылаудың таңдап алынған түрлері мен әдістерінің, бақылау және сынау құралдарының негізді болуын талдайды; 2) сапа көрсеткіштері топтарының таңдап алынған номенклатурасын, оның әзірленіп жатқан үлгісінің ТТ мен ТС-ға сәйкестігін тексеру мүмкіндігін бағалайды; 3) сапа көрсеткіштерін айқындау әдісінің ғылыми негіздемесін айқындайды. 48. Әскери өкілдік сапаны бақылау жоспарын келіседі және оның орындалуын бақылау кезінде: 1) әзірленіп жатқан бұйымның конструкторлық құжаттамасына тапсырыс берушінің тапсырылған талаптарына сәйкес келетін сипаттамалар мен көрсеткіштерді енгізуге; 2) конструкторлық құжаттаманың көлемі мен мазмұны бойынша НҚА мен НТҚ-ның талаптарына сәйкес келуіне; 3) әзірлеудің, өндіріске қоюдың барлық кезеңдерінде конструкторлық құжаттамаға міндетті сараптама жүргізуге; 4) эскиздік және техникалық жобаларға сенімділік бөлімін енгізуге; 5) тәжірибелік үлгіні жасауға арналған технологиялық үдерістер мен операциялардың конструкторлық құжаттамаға сәйкес келуіне; 6) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау, жинау, ретке келтіру және сынау әдістерінің тиімді болуына; 7) технологиялық құжаттамалардың стандарттардың талаптарына сәйкес келуіне; 8) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға, бақылауға және сынауға арналған технологиялық жабдықтар мен құралдарды дұрыс таңдауға; 9) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға арналған шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы элементтердің жоғары сапасына; 10) ЖББ құрамдас бөлімдері ұйымдарында дайындалатын бұйымның құрамдас бөліктерінің тәжірибелік үлгілерінің жоғары сапасына; 11) ұйымның тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау кезінде операциялық бақылау жүргізуіне және оған қатысуға, сондай-ақ оны жеке кесте бойынша дербес жүргізуге; 12) ұйымның тәжірибелік үлгіге, сериялық үлгіге, көшбасшылық үлгіге, тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға арналған технологиялық үдерістерге, жабдықтар мен құралдарға бақылау жүргізуіне, оған қатысуға, сондай-ақ оны жоспарда бекітілген және белгіленген тәртіп бойынша әскери өкілдіктің жеке құрамымен жүргізуге; 13) барлық өлшеулердің тұтастығы мен дұрыстығын бақылауға қол жеткізеді. 49. Әзірленетін өнімнің сапасын бақылау кезінде әскери өкілдік басты назарды: 1) ұйымдардың (әзірлеушілердің) тәжірибелік үлгінің, сериялық үлгінің, көшбасшылық үлгінің жоғары төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуіне; 2) төзімділікті бағалау жөніндегі және жекелеген элементтердің, блоктардың, тораптар мен жүйелердің іс жүзіндегі төзімділік көрсеткіштерін айқындауға арналған сынақтың барысын бақылауға; 3) бақылау және дабыл беру жүйелерінің дұрыс және тиімді резервтелуін бағалауға; 4) оларға қызмет көрсету үшін қосалқы жабдықтар мен құралдардың номенклатурасын қысқартуға арналған біртипті міндеттерді шешуге арналған бұйымдардың тиімді біріздендірілуін бақылауға; 5) конструкторлық құжаттаманың ТТ стандарттау мен біріздендіру деңгейі жөніндегі талаптарына сәйкес келуін бақылауға; 6) материалдардың, электрлі-радиоэлементтердің және басқа да бұйымдардың шектеулі тізбелерін әзірлеуді бақылауға аударуы тиіс. 8. Технологиялық үдерістерді бақылау 50. Әскери өкілдіктердің технологиялық үдерістерді бақылауы өндірістің кез келген сатысында жүргізіледі. Тексеруге тапсырма алған әскери өкілдік персоналы технологиялық үдерісті, тиісті технологиялық құжаттаманы және алдыңғы тексерудің нәтижелерін зерделеуге міндетті. Тексеру ұйым қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуі тиіс. 51. Әскери өкілдік жүргізетін технологиялық үдерістерді бақылау: 1) орындау сапасын және технологиялық құжаттаманың жай-күйін бақылаудан; 2) бекітілген технологиялық үдерістердің сақталуын және сынау және бақылау-өлшеу жабдықтарының, жарақтарының, жабдықтарының, тікелей жұмыс орындары мен учаскелеріндегі құрал-саймандардың жай-күйін, жұмыс орнының жай-күйін бақылаудан; 3) материалдарды (шикізатты) шығындау нормаларының сақталуын бақылаудан тұрады. 52. Технологиялық құжаттамаларды бақылау кезінде әскери өкілдіктер: 1) технологиялық үдерістің бекітілуін; 2) технологиялық үдеріске салынған талаптардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келуін; 3) салыстыру кезеңділігінің сақталуын және қажет болған жағдайда салыстыру жүргізілгені туралы мөрлерді қоя отырып, олардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қолданыстағы технологиялық үдерістерді түзетулерді; 4) технологиялық үдерісте алғашқы тетікті (операцияны) міндетті тексеру туралы талаптың бар болуын; 5) әр жарақталған, шегерілген және түзетілген технологиялық үдеріске енгізу актілерінің бар болуын; 6) өндірістің арнайы технологиялық жабдығымен, жарағымен, өлшеу құрал-саймандарымен жарақталу және жасалатын бұйымның параметрлеріне рұқсат етілген бақылау-өлшеу жабдықтары сипаттамасының дәлдігіне метрологиялық сәйкестік деңгейін; 7) өнімді жасау және оларды қажетті өлшеу және сынау жабдықтарымен қамтамасыз ету үдерісінде бақылау операцияларының жеткілікті болуын; 8) бақылау сапасын арттыратын және бақылау операцияларына арналған еңбек шығынын төмендететін озық технологиялық үдерістер мен бақылау әдістерінің қолданылуын; 9) технологиялық құжаттамаға өзгерістердің уақтылы және толық енгізілуін; 10) тексеру кезінде анықталған технологиялық құжаттамадағы кемшіліктердің уақтылы жойылуын тексереді. 53. Жұмыс орындары мен учаскелерінде бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылау кезінде әскери өкілдіктер: 1) қолданылатын жабдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының технологиялық үдерістің талаптарына сәйкес келуін; 2) белгіленген технологиялық операциялар мен өткелдердің орындалуын, технологиялық үдерісте көзделген жұмыс режимінің және басқа да шарттардың сақталуын; 3) жарақтардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың жай-күйін және олардың технологиялық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін; 4) арнайы қызметтердің өндірістік жарақтарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-саймандарын уақтылы тексеруін; 5) соңғы тексеруді, пломбаның бүтіндігін растайтын құжаттардың бар болуын; 6) жұмыс орындарында технологиялық құжаттаманың бар болуын және оның жай-күйін; 7) технологиялық құжаттаманың қолданыстағы НТҚ-мен жыл сайынғы салыстырылуы туралы мөрдің бар болуын; 8) конструкторлық құжаттамадағы өзгерістерге сәйкес технологиялық үдерістерді өзгертудің уақтылы және сапалы жүргізілуін; 9) жұмыс орнының тазалығын және ұйымның өнеркәсіп санитариясы ережелерін сақтауын; 10) өндіріс орындарында конструкторлық құжаттамаларға сәйкес талап етілетін температураның, ауа ылғалдығы мен тазалығының қамтамасыз етілуін; 11) жаңа технологиялық үдерістердің белгіленген мерзімде енгізілуін; 12) техника қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін; 13) ионды сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу кезінде радиация қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін; 14) технологиялық үдерістерді алдыңғы тексерулер жөніндегі ескертулер мен шешімдердің іске асырылуын тексереді. 54. Бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған басшылық құжаттар: 1) бекітілген технологиялық және конструкторлық құжаттама; 2) қолданыстағы стандарттар, материалдарға арналған ТШ, 3) тетіктер мен бұйымдарды сақтау жөніндегі