• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Мәслихаттар депутаттығына 10 825 кандидат тіркелді

296 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ма­рат Сәрсембаев барлық дең­гейдегі мәслихаттар де­пу­тат­тығына кандидаттарды тіркеу­дің қорытындылары және олардың үгіт науқа­ны­ның басталғаны туралы брифинг өткізді. Брифинг­те ол БАҚ өкілдерін сай­лау науқанының атал­ған ке­зеңінің жалпы қорытын­дыларымен таныстырды. Марат Сәрсембаевтың атап өткеніндей, Қазақстан Респуб­ликасы мәслихаттары депутат­тарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-ша­ралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 23 ақпанда мәс­лихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Жалпы, рес­публика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осы­лайша, орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа үш үміт­кер­ден келіп отыр. Тіркелген кандидаттардың 1592-сі облыстық мәслихаттарға, 121-і Астана қаласының мәс­ли­хатына, 130-ы Алматы қаласының мәслихатына тіркелді. Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2120 кан­дидат үміткер. Тіркелген кан­дидаттардың 3407-сін саяси партия­лар, 17-сін қоғамдық бірлестіктер ұсынған, 7401 кандидат өзін өзі ұсынғандар. «2012 жылғы сайлаумен салыс­тырғанда, тіркелген кандидат­тар саны 2016 жылы 1660 адам­ға көбейді, яғни жергілікті өкіл­ді билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың элек­то­раттық белсенділігі едәуір өсті. Бүгіннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тір­келген кандидаттар үгіт жұмысына кіріседі. Барлық 10 825 кандидат өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, сайлаушылар даусы үшін сайлау заңнамасының шеңберінде әділ бәсекелі күрес жүргізетініне сенім білдіреміз», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сәрсембаев.