• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Жамбылда құсбегіліктен республикалық турнир өтті (фото)

347 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 24 ақпан. Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылындағы «Атшабарда» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және «Қауырсын» құсбегілер клубының 35 жылдығына арналған құсбегіліктен республикалық турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінен ең үздік облысты анықтау мақсатында ұйымдастырылған бұл жарысқа еліміздің 9 облысынан және Астана қаласынан келген 32 спортшы (24 бүркіт және 8 қаршыға) қатысты. Сайысты Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп өткізді. Жарыс қортындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бүркіт Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы), Әбдікәрімұлы Сармат (Қызылорда облысы), Күнтуған Серікбек (Астана қаласы), Сейітжан Алмас (Алматы облысы). Қаршыға Бауыржан Шернияз (Жамбыл облысы), Нұрқали Бақтияр (Жамбыл облысы), Ақберген Құрманғалиев (Ақтөбе облысы). Жалпы командалық есепте Жамбыл облысы 1-орынды иеленді. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz.