• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Ұлттық чемпиондар

351 рет
көрсетілді

бағдарламасының екінші кезеңі басталды Елімізде «Бәйтерек» ұлттық бас­қа­рушы холдингі іске асыратын «Бәсе­кеге қабі­летті көшбасшылар – ұлттық чем­пиондар» бағдарламасының екін­ші кезеңі басталды. Кеше осы бағдар­ла­ма­ны талқылаған басқарушы комитеттің кезекті отырысында бірқатар жайттар мәлім болды. Аталған бағдарлама Елбасының «Ұлт­тық чемпиондар» идеясын іске асыру мақ­сатында әзірленген болатын. Ол елі­мізде өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті, өнімдері экспортқа бағытталған шикізаттық емес сектордың өндірістерін құру үшін жұмыс істейтін болады. Бағдарлама ішкі тікелей инвес­тициялардың өсімін қамтамасыз ету, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құру, шикізаттық емес экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру сияқты маңызды мәселелердің шешімін табуын қарастырады. Бұл жобаны іске асыру үшін осы мәсе­ле жөнінде әлемдік деңгейде үлкен тәжі­рибесі бар McKinsey&Company халық­­аралық консалтингтік компания­сы тартылды. Аталған мәселені талқылаған оты­рыс­қа Қазақстанның Ұлттық кәсіпкер­лер палатасы президиумның төрағасы Тимур Құлыбаев, Ұлттық экономика ми­нистрі Ерболат Досаев, «Бәйте­рек» хол­дин­гінің басқарма төрағасы Қуандық Бишім­баев қатысты. Бағдарламаның бірінші циклына тамақ өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдары өндірісі сияқ­ты салалардан 27 компания қаты­суда. Бағ­дарламаның бірінші кезеңі қатысу­шылары үшін халықаралық сарапшылармен бірлесіп 105 өсім бастамалары әзірленді, 2018 жылға қарай олардың тиімдігі: компаниялардың түсімі 170 млрд. теңгеге ұлғаяды. Шамамен 5 мың жұмыс орны ашылады. Экспорт көлемі 35 млрд. теңгеге және импортты алмас­тыру 66 млрд. теңгеге ұлғаяды, ІЖӨ өсіміне тигізетін оң ықпалы 85 млрд. теңге мөлшерінде болады және салық алымы 24 млрд. теңгеге артады деп болжануда. Бүгінгі күні жарияланған 105 баста­маның 70 пайызға жуығы іске қосылды. Компанияларға бастамаларды іске асы­руда үш бағыт бойынша қолдау көр­сетілді. Соның ішінде бірінші бағыт бойын­ша McKinsey сарапшыларының қатысуы­мен консультациялық қолдау жасал­ды. Екінші бағыт бойынша қар­жы­лық қолдау көрсетілді. Мәселен, бү­гін­гі күні бағдарламаға қатысатын ком­па­­нияларды қаржыландыру 19,2 млрд. теңге сомасына мақұлданды. Үшін­шіден, Инвестициялар және даму ми­нис­тр­лігінің, Ұлттық экономика минис­тр­лігінің, Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­­сының қатысуымен мемлекеттік және инс­­ти­туттық қолдау жасалды. Қолға алынған басым бастамалар ішін­де Ресей мен Қытай нарығына шығу, Қазақ­стан нарығынан импортты ығыс­тыру, «ұқыпты өндіріс» тәжірибесін енгізу, жаңа өндірістік қуаттарға инвес­тициялау, баға белгілеуге тәсілдерді жақ­сарту, сатылымды басқару дағды­ларын дамыту және тағы басқа мәселе­лер қарастырылды. «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев «Баян Сұлу» қаты­сушы-компаниясын мысалға келтіре отырып, енгізілетін бастамалардың тиімділігі туралы айтып берді. «Баян Сұлу» компаниясы көтер­ме сауда жасаушылар арқылы ғана сату­ға бағдарланған болатын. Диагнос­тика жүргізу кезеңінде тікелей сатылым­- дарды дамыту бойынша бастама ұсы­нылды. Қанатқақты жобаны енгізу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы филиалында сатылым деңгейі 40 млн. теңгеге дейін немесе 2,6 есеге өсті», деп атап өтті Қ.Бишімбаев. «Ұлттық чемпиондар» бағдарла­ма­сын іске асырудың екінші кезеңінде қосымша өңдеу өнеркәсібі, қызмет көр­сету, ауыл шаруашылығы сияқты экономика салаларында жұмыс істейтін компанияларды да қосу жоспарлануда. Осы кезеңде «Ұлттық чемпион­дар» бағ­дарламасына қатысу үшін 10 отандық компания іріктеледі деп күтіледі. «Ендігі кезекте іріктеу өлшем­шарт­тарына болашақ ұлттық чемпиондар қата­рына аса ірі компанияларды да қатыс­тыру көзделеді. Компанияның жыл­дық айналым қаржысының көлемі 5 млрд.-тан 70 млрд. теңгеге дейін болуы тиіс. Табыстың басым бөлігі эконо­миканың таңдалған нысаналы секто­ры­ның біріне тиесілі болуы қажет», деп мә­лім­деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы. Бағдарламаның екінші кезеңін іс­ке асыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Олар – компанияларды таңдау, диагностика, бастамаларды іске асыруда қолдау көрсету. Отырыста сөз болып отырған мә­селеге қастысы McKinsey компания­сы өкі­лінің бағдарламаны жүзеге асы­ру жө­нін­дегі баяндамасы тың­дал­­ды. Осы баян­дамаға қатысты Қазақ­­станның Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы президумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, тәуелсіз сарапшы Ораз Жандосов өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».