• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Білікті кадр – тиімді жұмыс тетігі

445 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының штат құрамы жаңаруда. Оған өткен жылы жария етілген жаңа ұйымдастыру құрылымын жасақтау шаралары септігін тигізуде. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде холдингтің жаңа кадрлық саясаты туралы өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру жұмысы жүргі­зіліп жатыр. Біз басқарушы құ­рам­ды 16 адамнан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ, қыз­мет­керлер санын 15 пайызға дейін қыс­қартуды көздеп отырмыз», деді қордың басқарма мүшесі – Адам ресурстарын басқару жө­ніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев. Оның айтуынша, біліктілік талаптарының кү­шеюіне байланысты соңғы екі жылда қор штаты 65 пайызға жаңарған. Жақын арада 22 пайызға дейін жаңарту жоспарланып отыр. «Қордың жаңарған қызмет- керлері халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жо­ғары білікті мамандар болуы тиіс. Сонымен қоса, елдің алдында тұрған, халықаралық ауқымдағы күрделі міндеттерді орындауға білігі мен құлшынысы болуы шарт», деді Ұ.Тәжібаев. Қордағы басшылық қызметке үміткерлерді іріктеу үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни, ком­паниялар тобының өз ішінен, Қазақстан нарығынан және шетелден талантты, білікті қызметкерлерді іздеп табу. Шетел­дік мамандарды жұмысқа тарту­дағы мақсат олардың қазақ­­стан­­дық әріптестерімен тәжіри­бесін, бі­лімін бөлісу болып табылады. Бүгінгі таңда «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рын­да төрт шетелдік маман қыз­мет атқарады екен. Оның екеуі ТОП деңгейінде, екеуі ке­ңес­­ші қызметінде. Бұл туралы ком­па­ния­ның басқарушы директоры Дархан Қалетаев атап өтті. «Біз шетелдік мамандарды жұмысқа алған кезде алдымен олардың дең­гейіне мән береміз. Негізінен, ондай маман Қазақстанда жоқ болса ғана шетелдіктердің қызметіне жүгінеміз. Оларға қойылатын талап – жергілікті мамандарды үй­рету, өсіру. Өздері кеткен соң, ор­ны­на адам қалдыру. Халықаралық дең­гейдегі тәжірибені «Самұрық-Қазынаға» енгізу», деді Д.Қале­таев. Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдіктерге өз жұмысы бойын­ша нақты талаптар қойылады. Отан­дық мамандарды жұмысқа тар­ту кезінде қор шетелдік оқу орын­дары түлектерін біріктіретін «Бола­шақ» ассоциациясымен және «ҚазАльянс» ұйымымен тікелей байланыс орнатып отыр. Ал басқарма төрағасының кеңесшісі Дэниэл Крюсберг өз кезегінде Қорға қызметкерлерді алу кезінде ашықтық пен әділ­дікті басшылыққа алатындарын жеткізді. «Біз ресми сайтымызда бос орындардың бар­лы­ғын да ашық жария етіп отырмыз және кез келген үміткердің осы вакансияларға өтініш беруі­­не болады. Сайтта әр конкурс­тың нәтижесі тұрақты жария­ланып отыр. Сондықтан, жұрт­шы­­лық әділдік қағидасының сақ­­талғанына, бос орындарға кон­курс­тық іріктеудің 8 сатысынан өткен кандидаттардың жұмысқа тұр­ғанына көз жеткізе алады», деді Д.Крюсберг. Қор тобындағы жұмысқа орналасу үдерісінің ашықтығының арқасында бос орындарға қатысу көрсеткіші де барынша жақсарған. Мысалы, 2015 жылы жария етілген 19 бос орынға 982 үміткер тіркелсе, солардың ішінде 211 үміткер тестілеуге қа­тыс­ты. 104 үміткер кәсіби білі­гін анықтау тестінен сүрінбей өтсе, 65 адам тілдерді меңгеру тес­тінен, 62 адам қабілеттілік тесті­нен жақсы нәтиже көрсеткен. 42 үміт­кер алқалық талқылауға жіберіліп, 19 адам қорға жұмысқа алынған. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».