• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Ди Каприо «Оскар» сыйлығын ресторанда ұмытып кетті (видео)

338 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 наурыз. Атақты актер Леонардо Ди Каприоның осыдан екі күн бұрын «Оскар» сыйлығын алғаны белгілі. Көптен күткен қуанышын Лос-Анджелестегі ресторандардың бірінде атап өткен ол алтын жалатылған «Оскар» мүсіншесін сол жерге ұмытып кеткен. Бұл туралы TMZ порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Bang Show Biz басылымының хабарлауынша, актер рестораннан бірнеше адаммен бірге шығып, көлікке отырған. Олардың соңынан қолында «Оскары» бар ер адам көшеге жүгіріп шығып, Ди Каприоға сыйлықты ұмытып кеткенін айтады. Алайда, актер қасындағы жолдастарының бірін нұсқап: «Дэнге бере сал», – дейді. Айта кетейік, Леонардо Ди Каприоның «Оскар» алуы Twitter әлеуметтік желісінде бір минутта жарияланған твиттер саны бойынша рекорд жаңартты. Сыйлықтың иегері ретінде Ди Каприоның есімі аталған сәтте желі қолданушылары оны құттықтап, пікірлерін білдірген болатын. Нәтижесінде алғашқы минуттың өзінде 440 мың твит жазылғаны белгілі болды. Актер бұған дейін «Оскар» сыйлығынан бес рет үміткер болғанын атап өткен жөн. Алтыншы мүмкіндігінде сыйлыққа қол жеткізген ол өзінің алғыс сөзінде Жер бетіндегі климатқа қатысты мәселелерге және әлемді құтқарудың жолдары туралы айтты. Еламан Қоңыр. Дерек: TMZ. Сурет: Reuters.