• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Бразилияда зика безгегінен 640-тан астам сәби зардап шекті

310 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 наурыз. Бразилияда зика безгегін жұқтырған жүкті әйелдерден 641 сәби микроцефалиямен дүниеге келгені анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі кезде дәрігерлер бақылауында 4222 сәби бар. Бразилияның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, алдағы уақытта микроцефалия дертімен дүниеге келетін сәбилердің қатары артуы мүмкін. Себебі, зика безгегін көбіне әйелдер жұқтырған. Аталған індет әсіресе, жүкті әйелдер үшін қауіпті. Жүктіліктің алғашқы 12-16 аптасында жұқтырған болашақ анадан микроцефалиямен ауыратын нәресте дүниеге келеді. Ол сәбидің бас сүйегі мен ми құрылысының дамуына кері әсерін тигізеді. Салдарынан ақыл-есі кем болып, есту, көру сезімдерінде ауытқушылық пайда болады. Бұл кезде арнайы вакциналар көмектеспейді. Зика маймылдар арасындағы жұқпалы ауру болып есептеледі. Ал адамдар арасына ауру таратқыш масалар арқылы тарайды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: regnum.ru.