• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Жыл басынан бері Астанада 3265 жұмыс орны ашылды

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 наурыз. Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жалпы, биыл Астанада 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. 1 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 17 пайыздан асқан. Нақты айтқанда, 3265 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 245-і – өнеркәсіп, 692-сі – сауда, 175-і – көлік және байланыс, 490-ы – білім және денсаулық сақтау, 498-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 1165-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады. Жаңа жыл басталғалы Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1069 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 187 түлек жіберілсе, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Айта кетейік, ертең, яғни, 3 наурызда Астана қаласының жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік көшесі, 25-үй, сағат 10:00-13:00) бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Онда 2000-ға жуық жұмыс орны ұсынылады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: astana.gov.kz.