• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Рахметке толы хат

515 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Асыл бала» республикалық қауымдастығы мүшелерінің Алғыс айту күніне байланысты жолдаған хаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хатта Нұрсұлтан Назарбаевтың бай тәжірибесі мен Мемлекет басшысы ретінде жұмсап келе жат­қан күш-жігері арқасында Қазақ­станның бүгінде елді әлеуметтік-экономикалық өзгерту тұрғысынан даусыз табыстарға жетіп отырғаны айтылған. «Алғыс айту күні Сізге рахмет айтуға рұқсат етіңіз. Елімізде дамып келе жатқан қайырымдылық ісіне көрсеткен қолдауыңыз үшін рахмет. Жеке өзіңіз үлгі болып, үнемі халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, әсіресе, балаларға көмек көрсетуге шақыратыныңыз үшін рахмет», – деп жазады авторлар. Мемлекет басшысына «Асыл бала» республикалық қауым­дас­тығының мүшелері «Мейірім акциясына» жеке заттарын бергені үшін де алғыс айтқан. «Барлық тапсырылған қара­жаттар «Ғұмыр үшін» жобасын жүзеге асыруға бағытталады, оның мақсаты – онкологиялық дертке шалдыққан балаларды диагностикалау мен емдеудегі әлемдік медицина ғылымының заманауи жетістіктеріне, баған жасушалардың халықаралық банкіне қазақстандық балалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету», – делінген хатта. Соңында авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа және елімізге Отан­ы­мыздың келешегі үшін барлық игі мақсаттарға жетіп, татулықпен өр­кендей беруімізге тілектес екен­дерін жеткізген. «Біз мейірімділік, сүйіс­пен­ші­лік және қазақстандық қайырым­дылықтың жалпыға ортақ күні ре­тінде қабылдауға болатын Ал­ғыс айту күнін мерекелеу ізгі де игі дәстүрге айналады деп үмітте­не­міз», – деп атап өтілген хатта.