• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Сайлау заңдылығы сақталады

262 рет
көрсетілді

Кеше  еліміздегі мерзімінен бұрын өтетін Парламент сайлауын бақылау жөніндегі Адам құқығы және демократиялық институт бюросы жөніндегі миссия басшысы Борис Фрлецпен кездесті. Кездесу барысында А.Дауыл­баев азаматтардың сайлау құқын қамтамасыз етудегі атқарылып жат­қан жұмыстар туралы және сайлау процесіне қатысты өтініш­терді қарау жайында айтып берді. Қазақстандық Бас проку­рор қадағалау қызметінің негізгі мақсаты ретінде заң бұзушы­лықтарға жол бермес үшін алдын ала түсіндіру жұмыстарына басым­дық беріліп отырғанына тоқталды. Ал өз кезегінде Б.Фрлец Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауына дайындық және оны өткізу бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис­сиясының қызметі мен міндет­тері туралы айтып өтті. Осы­лайша екеуара пікір алмасу арқылы Б.Фрлец өзінің көкейкесті сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, алдағы сайлау науқанының толық заңға сай қамтамасыз етілетініне көзі жетіп, сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді. «Егемен-ақпарат».