АЛМАТЫ. 4 наурыз. "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшқышы Роман Быков Алматы әуежайында нашақорлығы үшін ұсталды. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қызметкерлердің ішімдік ішуі мен есірткі пайдалануына қатаң түрде тыйым салынған. Мекемеде экипаж мүшелерінің қан құрамын тестілеп тексеру жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Бүгінге дейін ұшқыш болып келген Роман Быков анықталған деректерге сәйкес қызметінен аластатылды», – делінген баспасөз қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан мәліметінде.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.