• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Көңіл айту жеделхатын жолдады

251 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы еліміз халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын және осындай қиын сәтте Бельгия халқын жан-жақты қолдайтынын айтты.