• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Қазақ блогшыларының қоғамдағы орны

389 рет
көрсетілді

барған сайын күшейе түскені байқалып келеді Қазір ғаламторға ойын ретінде қарау қалды. Осынау виртуальды әлемді уақыт өткізу үшін ермек етіп, қажетті дүниелерді ғана іздеп, ақтару азайып барады. Қазір ғаламтор дегеніңіз – нағыз идео­логия. Кім ақпаратты нақты әрі жылдам білсе, жеңіс соның қолын­да деген қағидаға сүйенсек, бүгін­де әлеуметтік желілер нағыз ақ­парат құралына айналуда. Шы­нын айтсақ, кей кездері адам қор­қат ын қаруға айналып бара жат­қанын да мойындауға тиіспіз. Сон­дықтан әр нәрсені өз орнымен пай­­далануы керек сияқты бұл сала­ға да тәртіп пен тізгін қажет. Міне, Тараз қаласының төрінде ұйым­дастырылған республикалық «Блогқұрылтай-2016: Тараз» шарасы осы тақырыпты кеңінен тал­қылауға жол ашты. Қазақ елінің интернеттегі имид­­жін көтеретін топтар қалып­таст­ыру, мемлекеттік идеологияны интернет арқылы жүзеге асыру, жастардың мультимедиялық жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету, сапалы пікірталас мә­де­ниетін қалыптастыру, блог­шы­лар­дың жаңа элиталы ортасын құру, қазақ тіліндегі блогтарға қатыс­ты заңнамалық мәселелерді талдауды басты мақсат еткен бұл іс-шара осымен алтыншы рет өт­кізілуде. Қазіргі ақпарат ғасы­рын­да әлеуметтік желілер мен ғалам­торды тиімді пайдалануда блог­шы­лардың азаматтық қоғамды қалып­тастыруда қосар үлестері зор. Елімізде бүгінгі күні 300-ге жуық қазақ тілді блогтар бар. «Блог­құрылтай-2016: Тараз» шарасы жаңа медиа мамандарының, сайт жасаушылардың өзара тәжірибе алмасу алаңына айналды. Оған Астана мен Алматы қалаларынан және өзге де өңір­лерден 200-ден аса блогшылар мен қонақтар қатысты. Қазақ блогшыларының Жам­был өңірінде өзара бас қосып, тәжі­рибе алмасуына мұрындық болған Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев құрылтайға қатысушыларды қабылдап, жұ­мыс­тарына сәттілік тіледі. «Қазақстандық блогшылар үлкен қоғамдық күш болып қа­лыптасып келеді, дейді Кәрім Насбекұлы. – Қазіргі таңда әлеу­меттік желілерде көптеген қоғам­дық-саяси, әлеуметтік мәселелер туралы сенімді ақпарат жеткізуде және азаматтық қоғамды қалып­тас­тыруда блогшылардың орны ерекше. Әсіресе, тілді дамыту, дін мә­селесі назардан тыс қалған емес. Осы орайда блогшылардың жас ұр­паққа оң бағыт беру, оларды сая­си тәрбиелеу жұмысына қосар үлес­тері зор болмақ. Әсіресе, Білім және ғылым министрлігінің баға­­лауы бойынша, еліміздің 20 жо­ғары оқу орындары арасында бірін­ші орынға ие болған Тараз мемлекеттік университетінің блогшылары облысымыздың тыныс-тіршілігіне үлкен серпін беретініне сенімдімін». Үш күнге созылған құрылтай жұмысының ең бір ұтымды тұсы – еліміздің Білім және ғылым ми­нистрі Ерлан Сағадиевтің жас­тар­мен кездесіп, олардың сұрақ­тарына жауап беріп, бұл бас­қо­судың екі жақты ашық әңгімеге ұласқаны болды. Ашық әрі қара­пайым түрде өткен бұл кездесуде жастар жағы министрге өз­дерін мазалаған сауалдарын қо­йып, тұшымды жауап ала білді. Әңгіме ғаламторды жастардың тиімді пайдалануынан басталып, бастауыш сыныптарда үш тілді қатар оқыту, оған маман дайындау, мұғалімдердің құқын қорғау, жоғары оқу орындарындағы ға­лым­­­­дар­дың жағдайы және басқа да тү­йінді мәселелерге жалғасып жат­­­ты. Ерлан Кенжеғалиұлы жаңа­дан қа­былданған мемлекеттік бағ­дар­­ла­маның бір бағыты – қазақ тіл­ін дамыту туралы ойларымен бө­лі­сіп, ұсыныстарын ортаға салды. – Елімізде қазақ тілін үйрететін дұрыс, сапалы әдістеме жоқ, – дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. – Ағылшындарда, финдерде осындай әдістемелер бар. Адам 4-5 айдың ішінде сол елдің тілінде сөйлей бастайды. Біз де сол сияқты қазақ тілі үшін осындай әдістеме жасайтын боламыз. Ол үшін орта мектептердегі қазақ тілінің білімді ұстаздарын шетелге оқуға жіберу қажет. Біз көбінесе қазақ тілін жақсы мең­­герсе, сол үздік маман деп ой­­лай­­­мыз. Бұл дұрыс емес. Ең ал­ды­­мен қазақ тілін біліп, сосын ағыл­шын тілін меңгеріп, Гар­вард сияқ­ты оқу орындарында біліміңді жал­ғастырсаң, сонда ға­на ең білім­ді тәсілгер болып шы­ға­сың. Сондықтан осындай білім ордаларына Елбасының «Бо­ла­шақ» бағдарламасы арқылы қазақ тілі мамандарын оқуға жібереміз. Сосын баланы кішкентайынан екі, үш тілде сөйлеуге үйрете бас­таған жөн. Көптеген халықтар екі-үш тілде сөйлейді. Мысалы, Израиль екі тіл, Швейцария, Гол­лан­дия, Малайзия үш тіл, Бель­гия­да міндетті түрде 4 тіл қа­лып­­­тасқан. Жас баланың екі-үш тіл­­­де сөйлеуі оның миын, ойлау қабі­летін дамытуға қандай әсері бар? Америкада және басқа да ел­дерде осы мәселе зерттелген. Зерт­теуші ғалымдар екі-үш тіл­де сөй­лейтін 7-8 жастағы бала миы­ның байланыстары бір тілде ғана сөй­лей­тін балаға қарағанда, 20 пайызға көбі­рек дамитынын айтуда. Себебі, бала­ға неғұрлым көбірек талап қойыл­са, жүктемелер бірте-бірте көбей­тілсе, олардың қабі­леті еш қиналмастан арта түседі. Қазір көптеген мемлекеттер өз зерттеулерінің негізінде тіл саясатын құруда. Мысалы, Англия осыдан 20 жыл бұрын «бізге басқа тілдің не керегі бар, барлығы ағыл­­шын тілін біледі», деп оқуды қой­ған болатын. Қазір екінші тіл әр мектепте оқытылады. Ол – заң­дылық. Францияны алсақ, олар бұрын француз тілінен басқа тіл оқымайтын, қазір олар да ағылшын тілінің керек екенін түсініп, балаларын соған оқытып жатыр. Тағы бір мәселе – ғылыми зерт­теу туралы. Бұл турасында көп­теген ұсыныстар айтылуда. Осы өзгерістердің, жаңалықтардың бар­лығы – жастардың келешегі, ертеңі, кепілдігі, ертеңгі жұмыс орындары. Жастардың, бала­лар­дың ойлары қандай? Біздің қазіргі мақсаттарымызды олар қолдай ма? Олардың пікірін сұрап жатқан ешкім жоқ. Бірақ осындай пікірталастарды біз ғылыми қоғам болып, ғылыми негізде, зерттеу негізінде, қолымыздағы статистика мен ақпарат негізінде талқылауға болады. Біз осындай зерттеулерді қолға алмақпыз. Құрылтай аясында Қанат Әуес­бай, Есен Елеукен, Мұхамед­жан Тазабеков, Маралбек Сағын­ғанов және тағы да басқа тәжі­рибелі мамандардың жүр­гізуімен түрлі бағыттарда дәрістер оқылып, ең үздік тұсаукесерлер мен старт-аптар таныстырылды. – Ғаламтордан ел дұрыс ақ­па­рат алуы тиіс. Қазір заманға сай «Ұлды әке емес – кафе, қызды шеше емес – көше тәрбиелеп отыр», «Қызым – үйде, қылығы – ин­тернетте», «Құлақтан кіріп, бой­ды алған, интернеттен кіріп, ойды алған» деген мақалдар пайда болды. Әйтсе де, біз күн сайын дамып келе жатқан үрдістен шет қалмауымыз керек. «Интернет жаман, жоламаңдар» деп, ит қуғандай болмай, керісінше, жастар ғаламторды тереңірек танып-біліп, керекті тұстарын жақсы білуі тиіс. Әлеуметтік желі арқылы елге, оның ішінде жастарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеуіміз қажет, – дейді «Асыл арна» телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабеков. Өзге өңірден жиналған блогшылар бұл күндері көне қаланың тарихи-мәдени жәдігерлерімен танысып, әлеуметтік маңызды нысан­да­рын аралап, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғы­на орай «Көне Тараз» тари­хи-мәде­ни орталығында ағаш отыр­ғыз­­ды. Сондай-ақ, Қаз­нет­ке са­па­­лы контент қосу, қазақ бло­го­с­фе­расын жанданды­ру, оқыр­ман­­­дар­ды Жамбыл облы­сы­ның та­ри­­­хы­мен, ондағы халықтың әл-ау­қа­тымен, атқа­ры­лып жат­қан жұ­­мыс­тармен таныстыру мақ­­сатын­да «Мен тамашалаған Тараз» тақырыбында конкурс ұйым­­­дастырылды. Бұл бойынша «Тарих», «Даму», «Тараздықтар» тақы­­­рыбында үздік пост жазып, жа­рия­лаған жеңімпаздар бағалы сый­лықтармен марапатталды. Ал «Біз­дің өлке» атты көрмеде өңірдің ты­ныс-тіршілігімен, облыстың қазіргі ахуалымен таныс болды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан».  Жамбыл облысы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.