• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2016

Ықпалдастықты тереңдету тұрғысындағы шаралар

208 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция түрінде өткен Еуразиялық эко­номикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес мүшелері Еуразиялық эконо­микалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы ел­дер­дің эко­номикалық интеграциясын те­рең­детуге бағытталған бірқатар құжат­тарды талқылады. Отырыста ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес актілер мен халықаралық келісімшарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының орындалу барысы қаралды. Жоспардағы іс-шараларды орындау «төрт еркіндік» – тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қағидатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Кеңес мүшелері бүтіндей алғанда, дамушы және азырақ дамыған елдермен сауда-саттық үшін жағдайларды кеңейтуге мүмкіндік беретін ЕАЭО-ның Тарифтік преференцияларының бірегей жүйесін қолданудың шарттары мен тәртібі туралы ережені қуаттады. ЕЭК Кеңесі отырысының шеңберінде ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі негізінде кеден қызметтері мен басқа да құзырлы органдардың ақпараттық жүйелерінің сәйкестілік жоспар-кестесі талқыланды. Тиісті іс-шараларды жүргізу тауарларға оларды кеден аумағына енгізу сәтінен бастап тұтынушыларға сатқанға дейін қадағалауды қамтамасыз етеді. Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою үшін ЕЭК Кеңесінің отырысында тиісті халықаралық келісімшартты дайындауды жеделдету тапсырылды.