«Джунгли кітабы» негізінде түсірілген балалар киносының қазақ тіліндегі үлгісі Астана және Алматы қалаларында көрсетіле бастады. Үлкенді де, кішіні де телеэкранға телміріп қоятын туынды – қазіргі заманауи үлгіде түсірілген Disney киностудиясының өнімі. Мұнда аңдардың қимылы мен іс әрекеті нағыз өмірдегідей суреттелген. Фильмнің дубляжі отандық кәсіби Aray Media Group дыбыс жазу студиясында жасалып, Лондонның Shepperton студиясында өңделді.
– Дубляждің режиссері Айжан Жамшитова. Ол осыған дейін «Күлбике», «Малефисента», «Көліктер» сынды балалар фильмдерінің қазақ тілінде шығуына септігін тигізген, – деді жоба ұйымдастырушылары.
Сондай-ақ, дыбыс жазу ісіне оннан астам қазақстандық актерлер атсалысты. Басты рөлдегі кейіпкерлердің дауысын Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеуілов (Маугли) оқыды.
Айта кетейік, Редьярд Киплингтің бұл туындысы алғаш рет 1967 жылы Disney анимациялық фильмінде экранға шығарылған. Шағын әңгімелерден құралған «Джунгли кітабы» 1980 жылы жазылып, жұртшылыққа ұсынылған.
Бүгінде «Маугли» фильмінің қазақ тіліндегі жобасына мұрындық болған «Болашақ» ассоциациясы.
Төребек ТҰРМАНОВ.