АСТАНА. 7 сәуір. Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағында лай көшкінінен 3 адам мерт болды. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құтқарушылардың айтуынша, табиғат апатынан тағы 3 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті басшылық бұл маңайда өткен аптаның соңынан бері толассыз жаңбыр жауғанын мәлімдеді. Осының салдарынан 7 провинцияға шығын келген. Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге сәйкес, 240 мыңнан астам тұрғын зардап шегіп отыр.
Қазіргі кезде 1300-ге жуық адамға әлеуметтік жәрдем көрсетілсе, тағы 1000-нан астам тұрғынға көмек қажет. Тосын табиғат сыйынан 14 мың гектар жер су астында қалған. Ал алдын ала болжам бойынша, жалпы шығынның көлемі 23 миллон долларды құрайды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: «Синьхуа».
Фото: 24.kz.