ПАВЛОДАР. 7 сәуір. Облыс орталығындағы «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің жастары Песчаное ауылында тұратын көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, азық-түлік, киім-кешек жеткізді. Бұл туралы «Достық» үйі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Жастар қанатының көшбасшысы Оганесян Араиктің айтуынша, «Жүректен жүрекке» деп аталатын бұл бағдарлама барысында ауылдағы клуб үйінде концерт көруге келген халықпен зал толды. Концерттік бағдарламада Nord wind вокалды-аспаптық ансамблі әндер шырқады.Облыстық армян, кабарда-балқар және қарашай-черкес этномәдени бірлестіктернің шығармашылық ұжымдары да белсене қатысты. Ал «Другой взгляд» рэп тобы «Мы из Казахстана» атты патриоттық әндерін орындаса, Just Fly би тобы ерекше билер биледі. Ауылдықтар қолдан жасалған қайталанбас бұйымдар мен туындылардың жәрмеңкесін тамашалады. Өздеріне ұнаған затты сатып ала алады.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Фото: Мақсат Айтбай.