• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Мансаптық өсу моделінің маңызы зор

1650 рет
көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 10-қадамы – «Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшуді» жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде брифинг өткізілді. Онда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әли Көмекбаев аталған сала бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде және қолға алынған тың бастамалар жайында айтып берді. Ә.Көмекбаевтың сөзіне қара­ғанда, бүгінде министрлік мемле­кеттік қызметті жетілдіру үшін ау­қымды жұмыстар жүргізу­де. Жаңадан қабылданған «Қазақ­стан Рес­публикасының Мемле­кеттік қызметі туралы» Заңның нәти­жесінде мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін жүзеге асыру бастау алған. «Бұл жұмыстар меритократия қағидаты, ашықтық, әдеп­тілік, сыбайлас жемқорлыққа мүл­дем төзбеушілік негізінде жә­не компетенциялық тәсілдер ар­қы­лы мемлекеттік аппаратты кә­сі­­билендірудің оңтайлы озық өл­­шемдеріне айтарлықтай жақын­дата түсті», – дейді департамент директоры. Сонымен қатар, шара барысында 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу үдерісіне компетенциялық тәсілді енгізу мақсатында олардың жеке қасиеттерін автоматтандырылған түрде бағалау әдісі қолға алын­ғаны бел­гілі болды. Осыған қа­тысты Ә.Кө­­мекбаев: «Мұндай қадам мем­­­лекеттік қызметтің негі­з­гі құн­­ды­лықтарына деген шы­­найы­лық­ты анықтайды. Одан бөлек, атал­ған бағдар­лама баста­машылық, коммуни­катив­тілік, сарапта­малық, әдептілік, стра­тегиялық ойлау сынды қасиет­тер деңгейін анық­тауға септігін тигізеді. Ал үміт­кер­лердің базалық деңгейін бағалау үшін үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді», – деді. Министрлік өкілінің айтуы­нша, мемлекеттік қызметке алғаш келгендер 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді. Қазіргі таңда олар үшін тәлім­герлік институтының рөлі күшей­тілуде. Бұл тәсіл сынақ мерзі­мінің сәтті өтуіне оң әсерін тигіз­­бек. Сондай-ақ, департамент бас­­шысы мемлекеттік қызметші­лер­ді ынталандыру мақсатында жұ­мысының нәтижелілігіне қарай ба­ғалау мен сыйақы беру жүйесі заңнамалық деңгейде жүргізіліп, соған сай төлемақы жасау шаралары қабылданып жатқанын назарға алды. Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу моделі жө­нін­де Әли Амантайұлы: «Бұ­дан әрі мем­лекеттік қызмет өз мамандарын өздері қалып­тас­тырады. Мем­лекеттік қызметшінің мансаптық жоспарлауы біліктілігі мен жинаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Бүгінде «Б» корпусының жоғары лауазымдарына орналасу тек төменгі лауа­зымдағы мемлекеттік қызметшілер қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта меритократия қағидатын бекі­ту үдерісі жалғасып жатыр. Ман­сап­тық модель бойынша жалпы кон­курс – төменгі лауазымдар, ал ішкі конкурс жоғары лауазым­дар арқылы жүргізіледі. Сондықтан жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін міндетті түрде төменгі лауазымдарда тәжірибенің болуы талап етіледі», – деді. Бұдан бөлек, брифингте ман­саптық модель мен кең ауқымды конкурстық іріктеу нәтижесінде және ауысу тәртібімен тағайын­далу институтын жою арқылы мем­ле­кеттік қызметтегі командалық ауыс-түйіс жолдарына барынша тосқауыл қойылғаны айтылды. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап бұрын тестілеуден өткен қызмет­шілер ішкі лауазымдар үшін ұйымдастырылған конкурстарға қатыс­са, қайтадан аталған сынақ­ты тапсырмайтынын атап өткен жөн. Яғни, тестілеу сынағы тек төменгі лауазымдарға келген жаңа мемлекеттік қызметшілер үшін ұйымдастырылады. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».