• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2016

Мемлекет басшысы Иран Президентімен кездесті

235 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі ел көшбасшылары Хасан Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, мемлекет басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды. Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді. Талғат Райымбек. Дерек: akorda.kz. Фото: azattyq.mobi.