• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ.

1564 рет
көрсетілді

Бүгінгі күн талабы – қатердің алдын алу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ва­шинг­тонда Карнеги қорының штаб-пәтерінде Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммитке қаты­сып, жаһандық басты мәселе «Әлем. ХХІ ғасыр» ядролық қа­уіп­сіздік туралы өз ойларын ортаға салуымен әлем назарын өзіне аударды. Содан соң, Көшбасшымыз қордың мәжіліс-залында АҚШ-тың қоғамдық және саяси қай­рат­керлерімен кездесу барысында жаппай қырып-жою қаруының қасіретті залалдарына қатысты ескерту сөзін арнағаны жаһан жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тапты. Елбасы аталған кездесуде өзі 25 жыл бұрын Семей яд­ро­лық полигонын жабуы жөнінде Жарлыққа қол қойғанын алға тар­тып, әлемдегі ең үлкен ядро­лық полигонда 40 жыл ішінде халық­тан құпия түрде 456 жарылыс, оның ішінде 120 жарылыс ашық ат­мосферада сынақталғанына екпін түсірді. Осының салдары­нан аумақтың 3 мың шаршы километріне радиация жайылып, жергілікті 1,5 миллион халық зардап шекті. Бұрынғы Кеңес дәуі­рінен Қазақстан енші­сінде қалған соңғы ядролық заряд 1995 жылы 24 сәуірде шығарылды. Міне, содан бері Қазақстан ядролық қарудан толық арылды. Соның нәтижесі Пре­зидентіміз барша әлемді аталған жойқын қарудан бас тартып, ядро­лық күшті тек бейбіт өмірде қолдану бойынша әлемге үндеу тас­тады. Адамзат баласына елестетуге келмейтін қауіп-қатер тудыратын бұл ядролық қару адам баласының үрім-бұтағының бірнеше ұрпақтарына залалын тигізеді және мұны өз бастарынан өткізгендер ғана біледі. Сондықтан да, Көшбасшымыз осындай жойқын қарудың ортақ планетамызды от орамауын, лаңкестер қолына түспеуін зерделі жанға жеткізіп айтты. Бейбітшіліктің басты нышаны – соғыстың алдын алу. Аталы сөзге тоқтаған, талай тауқыметті бастан өткерген халқымыз Елбасы­мыздың бейбітшілік даңғылын жасампаздық нұрға бөлеудегі бастамашылдығын баршамыз қуана құптаймыз. Еркін ИСІМБАЕВ, Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты. КӨКШЕТАУ.

Адамзат алдындағы жауапкершілікті сезіну

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі ІV сам­митте жариялаған манифесінде адамзат өркениеті тарихында 15000-нан аса соғыстың болғанын келтіреді. Соғыстың аты – соғыс, оның қайсысы да жақсы емес. Бірақ қазіргі заманғы ядролық соғысты, қырып-жоятын қаруды қылышпен, садақпен, тіпті, зеңбірек­пен де салыстыруға келмес. Сондықтан, қазіргі соғыстан бір мемлекетке, оның бейбіт тұрғындарына ғана емес, жалпы адамзатқа келтірер қаупін ойлаудың өзі ауыр. Семей полигоны, тіпті, бейбіт заман­ның өзіндегі Чернобыль апаты қаншама қасірет әкелді? Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жанталаса қарулану сәл саябырсыған еді. Оған өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы халықаралық сая­си қайраткерлердің, екі блоктағы державалар Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы басшыларының мәмілеге келуінің, халықаралық шарттар жасауының маңызы үлкен болды. Қазір мемлекеттер арасында қандай да бір даулы мәселелер тұрығысында түсіністік, толеранттық, ізгілікті келісім­дер аз. Мемлекеттердің өзара саяси текетіресін, дау-жанжалын жиі естиміз. Ядролық қаруы бар немесе оған қолы жетімді елдер, әскери блок басшылары оның түпкілікті зардабы туралы ойлануы тиіс еді. Қантөгіс, адамдардың құрбан болуын жер планетасы бетіндегі тір­шілік иелерінің жаппай қыры­луы­мен салыстырып көріңіз! Бүгінгі лаң­кестік оқиғалардың, тоқтауы жоқ атыс-шабыстардың түбі адамзатты тығы­рыққа тіремей қоймайды. Өйткені, адам­заттың өзі ойлап тапқан ғылыми жетістіктері өзге жолға бұрылып барады. Елбасының ядролық қауіпті қару­лар­дың ешқандай жауапкершілікті сезінбейтін күштер қолына түсіп қалу ықтималдығы туралы қаупі өте маңызды. Лаңкестер қимылынан олардың қандай зұлымдыққа да шімірікпей баратынын кім де болса байқағандай. Шығыстың данасы әл-Фарабидің тәрбиесіз берген білімнің қауіпті екені туралы айтқан пікірі бүгінгі ғылым дамуы­ның деңгейі мен халықаралық жағ­дай­дың ушығу көріністеріне мысал бола алады. Халықаралық саясаткерлер өзге елдің экономикалық жағдайына, дәстүріне, шекарасына құрметпен, төзімділікпен қарағаны дұрыс. Экономикалық, саяси дауларды келіс­­сөзбен, пікіралмасулармен, халық­аралық ұйымдар пәтуасымен шешуге неге болмасын? Мұның өзін Нұрсұлтан Назарбаев айтып жүрген болашақтың алдындағы жауап­кер­ші­ліктің негізі деп түсінген абзал. Қазір қолында қаруы барлар ғана сөй­лей­тін, солардың ғана сөзі өктем шығуы тиіс түсінік ауа жайылып бара жат­қан­дай сезіледі. Бүгін жер жүзіне қауіп төндіріп отырған лаң­кестіктің өзі дұ­рыс жүргізілмеген қате саяси қимыл­дар­дың зардабы екенін мо­йындау керек. Дер­жавалар арасындағы саясат үл­кен парасатқа, даналыққа негіз­делсе, қанеки. Біздің Елбасының сөзінде айтылған­дай, ядролық қаруды жердің қай түк­пі­ріне, қай судың астына апарып тықса да, оның қауіптілігі азаймайды ғой. Әң­гіме осында. Оны бейбіт мақсатқа ғана өн­діруді қолға алу керек. Оның өзін халық­аралық белгілі ұйымдар бақылауы тиіс. Жұдырықтай жер – адамзаттың ортақ үйі, ядролық жаппай қырып-жоятын қарумен ойнағандар осыны ойлауы тиіс.  Владимир ГЕРШУН, Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылар тобының мүшесі, профессор. ҚОСТАНАЙ.

Береке мен бірлік бастауы

Елбасы бұл манифесін дер шағында, нағыз қажет кезде жариялады. Себебі, бүгінде әлемдегі геосаяси жағдайдың қан­дай деңгейде екені бар­шамызға мәлім. Қазір әлемдік қауымдастық дауласқанды тату­лас­тыратын, жауласқанды жақындастыратын сали­қалы сөз, салмақты ойға мұқтаж. Ал бейбітшілікке шақырған біздің Прези­денттің үндеуі сол талап­тардың үдесінен толы­ғымен шығып отыр. Сон­­дық­т­ан да, әлемдік ақпа­рат құралдары мен белгілі саяси тұлғалар Қазақстан басшысының манифесіне ерекше мән беруде. Осындай жаһандық қауіпсіздікті қам­тамасыз ететін үндеу үшін Вашингтонда өткен саммит өте қолайлы және тиімді саяси алаң болды. Елбасының сол мүмкіндікті мүлт жібермей, бүгінгідей шиеленіскен жағдайға қарамастан әлемді ядро­лық қарусыздануға шақыруын батылдықтың, көшбасшылықтың және бейбітсүйгіштіктің жарқын үлгісі дер едім. Тағы бір ерекше атап өтетін жайт, аталған манифестің басқа ел­ден емес, дәл Қазақстан тарапынан жариялануы – заңдылық. Өйткені, біз әлемде әлеуеті жағынан төртінші орында тұрған ядролық қарудан бас тартып, сынақ полигонын жапқан жалғыз елміз. Одан бөлек, өз территориямызда ядро­­лық отын банкін құруға келісім бердік. Мұның бәрі ядролық қару­сызданудың алғы­шарттары екені даусыз. Яғни, Қазақстан – сөзіне ісі сай, сенім артуға тұрарлық мемлекет. Сонымен қатар, бүгінгі ең өзекті мәселелердің бірі – терроризмнің алдын алуда ядролық қарудан бас тартудың маңызы зор. Себебі, аталған қару жанкештілердің қолына түссе, жағдай қазіргіден де қиын­дайтыны түсінікті. Ол кезде Елбасы айтқандай, жеңіске жететін ешкім бол­май­ды. Бәріміз жеңілеміз. Сондықтан, тұтас әлемнің қауіпсіздігі үшін манифесте айтыл­ған басым бағыттарды жүзеге асыру жолында жұдырықтай жұмы­луы­мыз керек.  Жұмабек САРАБЕКОВ, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы.

Қауіпсіз өмір – баршаға қажет құндылық

Бүгінде әлемнің әлпеті әбігерленіп тұр. Әр жерде мыл­тық дауы­сы естіліп, халықтың басына қайғы орнап, туған жерін тастап, өзге елдерге босып, бейбіт өмірді аңсап, «Қара су ішсем де, тыныш жерде отырсам екен» дейтін арманның жете­­гінде жүрген адам­­дар көп. Жер-жаһан түрлі сынақ­пен, қауіп-қатермен бетпе-бет келуде. ХХІ ғасырда адамзат баласының алдындағы ең маңыз­ды мәселенің бірі «Жер бетін­де бейбітшілікті қалай сақтап қала аламыз?» деген сұрақ болуы керек. Күні кеше «Әлемдік көшбасшы» атағына ие болған біздің Елбасымыз осындай сын-қатерлердің ықтимал салдарын барша адамзатқа ашық айтты. Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы жұртты мазалаған сұрақтарды төтесінен қойды. – Бүгінде миллиондаған адамды мынадай сұрақтар толған­дырады. Әлемдегі жағдай қай бағытта өрістейтін болады?  Же­тек­ші державалар арасындағы қара­ма-қайшылықтар олардың арасындағы ұзақ мерзімді жаңа текетіреске ұласып кетпей ме? Қай елдер жаһандық және өңірлік державалар жүргізіп отырған «прокси-соғыстардың» келесі құрбандығына айналуы мүмкін? Әзірше гүлденіп тұрған қай елдің жерін танктердің шынжыр табаны таптап, снарядтардың жарылысы талқан етпек? Қай қалаларда балалар зымырандар отынан өлім құша бастауы мүмкін? Жанжалдан қашқан босқындардың жаңа ағыны қайдан және қайда лап қояды? – деді Елбасы. Президент әлем алдында қабыр­­ғасынан қойылған мәселе­нің шешу жолдарын да айтты. Ол үшін бүкіл мемлекеттер бірігіп, келі­сімге келуі керек. Солайша,  ар­найы құжат қабылдап, мәміле жасауы тиіс. Ал, қабылданған құ­ж­ат­та Елбасы үш мәселенің нақ­ты көрсетілуі керектігін баса көр­сетті. Ең бірінші, қазіргі соғыс­та ешкімнің жеңімпаз болмайты­нын түсінетін уақыт жетті. Қай тарап болмасын, үлкен шы­ғын­ға ұшырайды, экономикасы әл­сірей­ді, халықтың басына қасірет орнайды. Мұн­дай жағдайда ешкім өзін жеңім­паз сезіне алмаса керек. «Екін­шіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негі­зінде ойлап табылатын басқа да кез кел­ген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін бол­майды. Бұл бүкіл адамзаттың қы­ры­луына алып ке­ле­ді. Және осы­ған кімнің жауап беретінін анық­таудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатер­ді қазіргі ұлттық лидерлер мен сая­­саткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс»,– деген Мемлекет басшысының сөзінен кейін барлық көшбасшы мемлекеттер ойлануы керек деп ойлаймыз. Үшіншіден, жер бетіндегі бейбітшілік пен қауіп­сіздікті сақтау барысында барлық мемлекеттер өздеріне жүктелген жауапкершілікті айқын сезіну­лері керек. Сол арқылы өзара түсін­істік пен құрметті қалып­тас­тырып, сындарлы келіс­сөз­дердің арқасында бейбіт өмір­ді сақтауға атсалысқандары жөн. Қазақ мұндайда «Келісіп пішкен тон – келте болмайды» дейді. Қандай жағдайда болмасын ақыл­ға салып, сабырға келіп, келі­се отырып қаралған мәселе оң нәти­жесін бермек. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөнінен әлемге үлгі бола алады. Өйткені, біздің ел 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. «Бұл – әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруы­ның әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державалардың ядролық сынаққа мораторий жариялауына қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді»,– деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қысқасы, Елбасы әлемдегі тыныштықты сақтаудың негізгі жолдарын көрсетті. Ендігі мәселе, көшбасшы мемлекеттер лидер­­­лері­нің іс-әрекетіне байланыс­ты болса керек.  Бақдәулет МАҚАШЕВ, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. Қызылорда облысы.

 Кез келген кикілжің келіссөзбен шешілсе игі

Елбасының Вашингтон төрін­­де халықаралық қоғамдас­тықты қауіпсіздік пен ынты­мақ­тас­тық мәселелеріне шақыра сөй­ле­ген сөзі әлемді елең еткізді десек, артық айтқандық емес. Бұл құн­дылықтан түйетін ой – қазақ­тың «Ырыс алды – ын­тымақ» деген даналығын бү­гінгі жаһандық жағдай жақ­сы көр­сетіп отыр. Адамзат тыныш­тығы үшін емес, жеке мүд­делер мақ­сатында әлемнің әр түкпірінде орын алып отырған лаңкестік сол ойды бекіте түсуде. Ядролық қаруды қолданбау туралы халықаралық келісімдер жасалғанымен, жекелеген мем­лекеттер сол мүмкіндікті өз мақ­­саттарына пайдаланып, өз «күш­тілігін» танытуда. Мұн­дай «басымдықтың» арты жақ­сы­лыққа апармайтынын тарих пен уақыт жақсы дәлелдеп бер­ді. Алайда, оның салдарынан мил­лиондаған жазықсыз жан­дар зардап шегуде. Ақыл мен парасаттылық орнына, жауыз­дық пен соғысқұмарлық үстем­дік етіп тұр. Сондықтан болар, тер­роризм қаупі күшейіп, бүгінде қауіп­сіз құрлық саналған Еуропа қалаларында тапа-тал түсте терак­тілер орын алуда. Наурыз айында Бельгия ас­та­­насының әуежайында және метрода жасалған жан­түр­шігер­лік жарылыстар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл жаһандық қатер­мен күре­судің жаңаша түрі қажет еке­ніне көз жеткізді. Елба­сы атап өткендей, оның бір ғана шешімі бар, ол – соғысқа қару-жарақпен емес, келіссөзбен және ынтымақтастықпен жауап беру. Ежелден қазақ жерінде барлық дау-дамайды келіссөзбен шешу дәстүрі әлем үшін үлгіге айналуы керек. Себебі, Қазақстан басшысы қақтығысы мен өзгерісі көп ХХІ ғасырда тыныштық пен бірлік, бейбітшілік пен келісім орнатуға болатынын дәлелдеді. Семей полигонының жа­былуы, ядролық қарудан бас тарту мен әлем елдерімен дип­ло­матиялық қарым-қатынас ор­­нату бейбітшілікке жетудің қазақ­­стандық жолына айнал­ды. Осыдан 10-20 жылдан ке­йін әлемдік тарихта «бейбіт өмір орна­тудың қазақстан­дық жолын» оқытатынына күмәнім жоқ. Ес­теріңізде болса, Ядролық қауіп­­­­сіз­дік жөніндегі саммиттегі мем­­­ле­кет­тер басшылары­ның Ел­ба­сына көрсеткен құрметі бар жалпы сурет қазақ­стан­дық­тар­­дың абы­ройын асқақтатып, мақ­тану­ға себеп болды. Нұрсұлтан Әбішұлы­­на таны­тылған ерекше құр­­метті бейб­іт­сүйгіш Қазақстан хал­­қы­н­а көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысының елі­мізде БҰҰ-ның жоғары дең­­гей­де­гі халықаралық кон­ферен­ция­сын ұйымдас­тыруды ұсынуы әлем­де достық орнатуға бас­тайтын ұлы мақ­сатындағы тағы да бір маңызды шара болатыны анық. Ләзат ШЫҢҒЫСБАЕВА, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Мың шындықтың бір ақиқаты

Ғаламшар­дың біре­се ана жерінде, бір­есе мына жерінде адамның жағасын ұстатқан сұмдық оқиға аз ба. Соның бәрі мемлекеттердің күш біріктіріп, ел­дерді ашса ала­қанында, жұмса жұды­рығында ұс­тау­ға жанталасып бақ­қандарға қарсы тұруын сөзсіз талап етеді. «Өзім аман болсам, болды...» дейтін заман емес бұл. Өйткені, қауіп-қатер дегенің шектен шығып барады. Жұмсартып айтқанда, осылай. Міне, нақ осы ақиқатты біз­дің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шартарапқа әлсін-әлі қаперлеп келе жатқаны мәлім. Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте тағы да біздің Қазақстанның жаһанды бейбітшілікке үндеген дауысы мығым, ерекше естілді. Президентіміз бұдан бұрын да әлемді тажалдан сақтау жөнінде талайға ой салды, нақты бастамалармен бейбітшілік сүйгіш жұрттардың қошемет-қолдауы­на бөленгені әмбеге аян. Елбасымыз өз манифесінде: «Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дəуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Əлемге тағы да қатер төніп тұр жəне оның ауқымын ескермеуге болмайды. Жəне бұл қатер – жаһандық соғыс!» деп ашып айтты. Иә, мың шындықтың бір ақиқаты дегенің осы емес пе. Н.Ә.Назарбаевтың ой-толғамынан қырсықтың қыр астында екенін байқау балаға да қиын болмас. Сондықтан біздің Мемлекетіміздің басшысы адамзатқа «ХХІ ғасыр: Соғыс­сыз əлем» атты кең ауқымды бағ­дарламасын көл­денең тартты. Бұл бас­тама да дү­ниені елең еткізді. Қарапайым қа­зақ­­стандықтың бірі ретінде мен де со­ғыссыз дүние құруға көптеген мемлекет, ұйымдар, тіп­ті, күш біріктіре түсе­ді деп сенемін. Біз, ауданымыз­дағы «Таным» деструк­тивтік діни ағым­­дардан зардап шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бір­­лестігінің құрамы, қатары­мыздағы басқа да азаматтармен, ақпараттық-ұғындыру топ­тарының мүшелерімен бірге халық арасындағы бү­кіл әңгі­меміздің, іс-шара­лары­мыз­дың түйіні – елдік, бірлік, еңбек, жас ұрпақтың кемел келешегі, тыныштығымыздың бағасын білу. Осы арқылы мем­лекетімізге көмектесіп, заманның сын-қатер­леріне қар­сы тұру биік мұра­тымыз болып табылады. Әркім өзінің білімімен, ең­бегі­мен, ниетімен әлемдегі бей­біт­шілікке зор үлес қоса алады. Әлдебір себептермен бөтен болмысқа, дәстүрсіздікке бет бұрғандармен байланыс жасап, хал-қадерімізше олардың санасына ой тастауға ұмтылып келеміз. Осыған қатысты нәтиже де жоқ емес. Отанымыздағы бейбіт тірліктің қадірін жанды мысалдармен түсіндіріп, жаһандық қауіпсіздік үшін тәуелсіз жас мемлекетіміздің үлесі мен үнін кең насихаттаудамыз. Құрман БИСЕҒАЛИЕВ, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Батыс Қазақстан облысы.