• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

Жаңа көпір арасы түйісті

306 рет
көрсетілді

Облыста 2013 жылы «Ор­талық – Шығыс» автобаны аясындағы «Ертіс өзені арқы­лы өтетін көпір» және «Пав­лодар қаласын батыс жа­ғы­нан айналып өту жолы» жоба­лар бойынша құрылыс жұ­мыстары басталған болатын.  Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 12,3 ша­қырымды құрайды. «Қазавтожол» АҚ «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан алып көпір кешені биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп отыр. Сөйтіп, өткен аптада Ертіс өзенінің екі жағалауынан қарама-қарсы бағытта бір уақытта басталған құрылыс түйісіп, су үстіндегі аспалы көпірдің ортасы жалғанды. Ақсу мен Павлодар аралығындағы алып көпір құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар да бір-бірлерімен құшақтасып, өздерінің ғасыр жобасын салуға қатысқандарын осындай құрметпен ерекше есте қалдырды. Екіншіден, Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұл күндері «Өскемен – Павлодар – Астана» автожолының да құрылысы жүргізілуде. Жолдың басым бөлігі біздің өңірмен өтеді. «ҚазАвтоЖол» АҚ облыс­тық филиалының директоры Ерсін Са­риевтің айтуынша, жалпы, көпір құрылысындағы негізгі жұмыстар аяқталыпты. Жобаның жалпы құны – 53 млрд 808 миллион тең­ге. Ма­мандардың айтуынша, құрылыс жұмыстарына қолданылып жатқан материалдар отандық өнім­дер. Ұсақ тастар, битум, құм аралас қиыр­шық тастар барлығы да жер­­гілікті кәсіпорындардан жеткізіледі. Көпірді толық түрде іске қосу үшін 10 мың тонна металл және 30 мың текше метр бетон пайдаланылады. – Ең бастысы, өзеннің екі жаға­лауынан құрылысы басталған көпірдің түйіскен кезіне бәріміз куә болдық. Ұмытылмас сәт. Қазір жаңа тех­нологияларға негізделген көпір аркасының құрылысы жүргізілуде. Аспалы иілгіш материалдар қолданылады. Құрылыста №25 (Алматы қаласы), №11 және №12 (екеуі де Түмен қаласынан, Ресей) бригадалары тартылды. Жалпы, 85 техника жұмылдырылуда, 200-ге жуық құрылысшы жұмыс жасайды. Көпір құрылысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар еңбек етуде. Тиісті шаралар белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда, – дейді Ерсін Сариев. Елбасы «Бізде көлік, темір­­жол жүйесі болды. Бірақ олардың барлығы Ресейге барып тірелетін. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ішкі ай­мақтарды Астана арқылы байланыстырып, біріктіретін жолдар сала бастадық. Осы­лай­ша тәуелсіз елімізде талай жолдың тұсауы кесілді», деген болатын. Әрине, жаңа көпірдің іске қосылуы – ел экономикасының дамуына қосылған үлес. Негізі, нысан құрылысы Еуразиялық эко­но­микалық одақ шең­берінде Қазақстан мен Ре­сей­дің бірлескен алғашқы инфрақұрылымдық жобасы саналады. Нәтижесінде екі қала тұрғындары, өңір халқы облыс орталығынан Ақсу қаласына жылдам жете алады. Яғни, Астанадан Ресейге және Қытайға дейінгі жол жүру уақыты азаяды, өйткені, құры­лысы жүргізіліп жатқан 4 жо­лақты автожол болашақта Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпірдегі автокөлік қоз­ғалысының азаюына септігін тигізеді. Транзиттік бағытта жүретін көліктердің бар­лығы облыс орталығын сыртынан айналып өтеді. Ал, Павлодар қаласы логис­­­тикалық орталық болады. Бүкіл көліктер Ресейге, Қытайға біздің қаламыз ар­қылы өтеді деген сөз. «Орта­лық-Шығыс» автобаны осы көпір арқылы өтетінін ескерсек, жоба өңіріміздегі қалалардың дамуына серпін береді. Бұл алып көпір жо­басының жүзеге асырылуы «Бірыңғай «Павлодар-Ақсу агломерациясын» құру­ға мүм­­кіндік береді. Ақсу қала­сының дамуына әсер етеді. Ал, инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энер­гетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз етуі, агломерациялар еліміздің ғылыми қамтымды эко­номикасының ұс­тыны екені, еліміздің орасан зор аумағын, халық­тың орналасу тығыз­ды­ғының тө­мен екенін ескерсек, агло­ме­рациялар қалыптас­тыру мен дамыту маңызды мәселе екені Елбасы Жолдауында айтылды. Көпірдің маңыздылығы – ол болашақта «Астана-Павлодар» және «Павлодар-Өскемен» автожолдарын қосады. Өмірге осылайша жаңа технологиялар, жаңашылдықтар, өркениет талаптары келуде. Жол­дар, көпірлер салу әрине, бір күн­нің, бір жыл­дың үлесінде тұрған жоқ, стратегиялық жобалар игілігін біз ғана емес, болашақ ұрпақ­тар көреді. Бұрынғы тар жол­­дар бойы кеңейіп, төрт жолақты кеңістік ашылады. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.