2011 жылғы 13 қаңтар №14/19 Астана қаласы
Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.
2. Республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашы тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады.
Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. МЕЛДЕШОВ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 қаулысына қосымша
АКТ
Астана қ. 2011 жылғы ____________________
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою үшін бөліп шығару туралы
«Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 қаулысының негізінде ғылыми-тарихи құндылықтарының жоқтығына және белгіленген сақтау мерзімдерінің аяқталуына байланысты мынадай құжаттар жою үшін іріктеліп алынды:
Р/б №
Құжаттардың атауы
Құжаттардың саны (санмен және жазумен)
1
2
Құжаттар саны ________________________ (санмен және жазумен), салмағы _____________ кг, ____________________________________ № _____ қабылдау-тапсыру жөнелтпе қағазы бойынша жою үшін тапсырылды.
_________________________________________
(Құжатты тапсырған ұжым қызметкері (қолы) (тегі, аты-жөні) лауазымының атауы)
Құпия ақпарат негізінде сақтаулы құжаттарды жою кезінде ______________ қатысты.
_____________________________________
(лауазым) (қолы) (тегі, аты-жөні)
–––––––––––––––
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6732 болып енгізілді.