• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Қостанайда бизнесті дамытуға 1 миллиард теңге бөлінді

244 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қостанай облысына сапары барысында осы холдингтің еншілес ұйымдарының бірі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин мен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов орта және шағын бизнесті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған шара аясында шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қостанай облыстық әкімдігі 500 миллион теңге, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 500 миллион теңге қаражат бөлетін болды. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бағдарламаға қатысушыларға салалық шектеу қойылмайды. Несие айналымдағы қаражатты толықтыру және құрал-жабдықтарды жаңғырту үшін бөлініп отыр. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 80 миллион теңгеге дейін, ал бизнесті жаңа бастағандар үшін 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Жылдық сыйақы мөлшері 8,5 пайызды құрайды. Аталған бағдарламаға сәйкес несие алған кәсіпкерлердің кепілге мүлкі жетімсіз болған жағдайда «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана алады. Қор басшысы Қаныш Төлеушин: «Өңірдің даму бағытына орай, ауылдағы және аудандағы жобаларға басымдық берілетін болады. Бұрынғыға қарағанда үстеме пайыз азайып келеді, қаражат қолжетімді бола түскен. Біз Қордың кірісі азаятынын түсінеміз, бірақ Қор пайданың астында қалуды емес, кәсіпкерлерге арзан, ұзақ мерзімді әрі қолжетімді несие беруді мақсат еткендіктен осындай қадамға барып отыр», – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.