• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Атырау соты шенеунікке 8 млн. 820 мың теңге айыппұл салды

425 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырау қалалық №2 соты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Салават Ишайды қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп таныды. Оған аталған кодекстегі 55-бапты қолдану арқылы 8 млн. 820 мың теңге айыппұл салынды, сонымен бірге, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды иелену құқығынан айрылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, Салават Ишай Unicorn CCC және «Мистер Доорс-Атырау» жауапкершілігі шектелген серіктестіктерінің жауапты тұлғаларының техника қауіпсіздігі жөніндегі білімін тексеру жөніндегі комиссиясының жетекшісі болып тағайындалған. Компания құрылтайшысы А.Кимнен компанияның техника қауіпсіздігі бойынша оқытудан өткен әр тұлғасы үшін сертификаттар мен куәліктерге қолға қоюға 3000 теңгеден сыйақы талап еткен. Кейін А.Ким бұл талаппен келісіп, арадағы делдал, яғни, компания қызметкері арқылы 294 000 теңге беріп жіберген. Сол күні Салават Ишай өзінің қызметтік кабинетінде жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлерімен параны алғаннан кейін ұсталған» – деді облыстық соттың баспасөз қызметі. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу барысында процессуалдық келісім талаптарын сақталды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: Рахым Қойлыбаев.