• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Студент Шахмардан Есенов атындағы қордың стипендиясын иеленді

606 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) 3-курс студенті Салтанат Төлеген академик Шахмардан Есенов атындағы білім беру қорының стипендиясына ие болды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Конкурсқа Қазақстанның 18 университетінен 72 студент қатысты. Осы сында озып шыққан ҚарМТУ-дың энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінде оқитын Салтанат Төлеген енді жыл бойы 25 мың теңге көлемінде стипендия алып тұратын болды. Салтанат Төлеген – оқу озаты, президенттік стипендияның иегері, университеттегі қоғамдық жұмыстардың белсендісі. Айта кетейік, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры 2013 жылы құрылған болатын. Қордың мақсаты – қазақстандық ғылымды дамытып, ғылыми ізденістерді жоғары оқу орындары жүйесі мен инновациялық өндіріске енгізу. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметі.