• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

243 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Үндістанның оңтүстік-батысындағы Карнатака штатында жүк машинасы мен жеңіл моторикша көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлері апаттың тұманды аймақта болғанын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша моторикша көлігінде шамамен 20 жолаушы болған. Оқиға орнында 9 адам мерт болса, екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір оған іздеу жарияланды. Айта кетейік, Үндістан жол апаты бойынша және осыдан қаза табушылар көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы елдердің қатарында тұр. Оңтүстік Азия мемлекетінде жылына 200 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болып, жүздеген мыңы түрлі деңгейде жарақат алады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: 24.kz.