• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Шымкентте кәсіпкерлерді дамыту мәселесі талқыланды

225 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 26 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы еgemen.кz» тілшісі хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне келген Ұлттық палатаның президиум төрағасы өңірдің индустриалық-инновациялық жағдайымен танысты. Жиынға облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов пен облыстағы кәсіпкерлер қатысты. Кеңесте сөз алған облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көшбасшы екендігін айтты. Жиында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz