АСТАНА. 30 сәуір. Норвегияның батыс жағалауында тіұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тікұшақ бортында 13 адам болған. Олардың 11-і аталған мемлекеттің тұрғындары болса, біреуі Италияның, енді бірі Ұлыбританияның азаматы екені анықталды.
Опат болғандардың көбісі «Статойл» мұнай өндіруші платформаның қызметкерлері. Олар Берген аймағына қарай ұшып бара жатқан. Норвегияда соңғы 19 жыл көлемінде мұндай жағдай тіркелмеген. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: «Интерфакс».
Фото: israelonline.ru.