• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Ауыр атлет Владимир Седов Азия чемпионы атанды

259 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 сәуір. Ауыр атлетикадан Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы Владимир Седов 94 кило салмақта алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол серпе көтеруде 175, жұлқа көтеруде 211 килограм зілтемірді басынан асырды.  Қоссайыста екеуін есептегенде 386 килоны көтерді. Күміс медальды ирандық Али Хашеми алды. Оның нәтижесі– 374 кило (174+200). Қола жүлдені  оңтүстік кореялық Пак Хан Вунг иеленді. Корей спортшысы қоссайыста 368 килоны .(160+208) көтерді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz