• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

Жапонияда балалар саны азайып барады

574 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Жапонияда 15 жасқа дейінгі балалар саны ең төменгі дейгейге жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Халқы 127 миллионды құрайтын Күншығыс елінде 2016 жылдың 1 сәуірі бойынша жасөспірімдер саны саны – 16,05 миллион. Бұл өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 150 мыңға аз. Ресми мәліметтер бойынша балалар үлесі –13 пайыз, яғни 1950 жылдан бергі рекордтық деңгейдегі аз көрсеткіш болып есептеледі. 12-14 жас аралығындағы балалар саны – 3,42 миллион болса, жаңа туған нәресте мен 2 жасқа дейінгі бүлдіршіндер саны – 3,07 миллион. Сонымен қатар, ұлдар саны – 8,22 миллионды құраса, қыздардың қатары – 7,82 миллион. Осы көрсеткішпен Жапония ең кемінде 40 миллион халқы бар елдердің арасында ең соңғы орында келеді. Бұған бірден-бір себеп – туу көрсеткішінің азаюы. Айта кетейік, аталған мемлекетте қарттардың саны артып келеді. Статистика бойынша, 65 жастан жоғары тұрғындардың саны 34,8 миллион, бұл жалпы халықтың шамамен 26,7 пайызын құрайды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: kazpravda.kz.