АСТАНА. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кетті. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл ақпаратты Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері растаған.
Айта кетейік, Ерболат Досаев 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, 2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі, 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол 2014 жылдың тамызынан бастап, бүгінгі күнге дейін Ұлттық экономика министрі болды.
Талғат Райымбек.
Дерек: tengrinews.kz.
Фото: kapital.kz.