• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 05 Мамыр, 2016

Ұлытауда «Терісаққан көктемі» этнофестивалі өтті

512 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 5 мамыр. Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорым-мұражайы «Ұлы тағзым» қоғамдық қорымен бірлесіп және Ұлытау ауданы әкімдігінің қатысуымен «Терісаққан көктемі» атты этнофестиваль өткізді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Терісаққан көктемі» этнофестивалі – бірегей құбылыс, себебі қазақ жылқы өсірушілерінің мерекелік рәсімдері Терісаққан ауылында ғана сақталған. Ниет білдіргендердің барлығы қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарына бара алды», – деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Көрме қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары, тұрмыстық заттары көрсетілді. Ат әбзелдері және көшпенділердің сан-түрлі ыдыс-аяқтары шетелдік қонақтардың қатты қызығушылығын тудырды. Фестивальге Польша, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар, National geographic ұйымының, Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілдері, ғалымдар келіп қатысты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: inform.kz.

Соңғы жаңалықтар