• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

Елімізде Ақпарат және коммуникация министрлігі құрылатын болды

341 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа уәкілетті мемекеттік орган – Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ. Ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ», – деді Мемлекет басшысы Ақордада өткен кеңесте. Сондай-ақ, Президент: «Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган – Ақпарат және комуникация министрлігін құруды тапсырамын», – деді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: inform.kz.