• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Селфи тағы қайғы әкелді

318 рет
көрсетілді

Ресей спорттық күрес феде­ра­циясының бірінші вице-пре­зиденті, еркін күрес шебері Адлан Вараев күтпеген жерден селфидің құрбаны болып кетті. Қайғылы оқиға Чешенстандағы Аргун таулы өзені аңғарындағы шатқалды орын алған. Осы жерде КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аргун таулы өзенінің аңғарындағы шатқалда өзін суретке түсіріп алмақшы болып жатып, төменге қарай құлап кеткен. Әзірге даңқты чешен балуа­нының денесін іздеу жұмыстары өзінің нәти­жесін берген жоқ. Қазір 54 жастағы спорт функционерін іздеуге республика төтенше жағ­дайлар министрлігінің 200-ден астам қызметкері, бір топ ерік­тілер мен басқа да салалардың өкілдері қатысуда. Адлан Вараев 1988 жылы Сеул­де өткен Олимпиадада екінші орынға шығып, чешендер арасында Ойындар медалін жеңіп алған бірінші спортшы атанды. Ол КСРО-ның екі дүркін, Еуропаның үш мәрте чемпионы болды. Бұдан басқа, 1986 жылы әлем чемпионатының күміс медалін алса, келесі жылы чемпиондыққа қол жеткізген болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ