• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Ойлар ортақ арнада тоғысты

357 рет
көрсетілді

Оңтүстікте Қазақстан облысына Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты, атап айт­қанда, Құдайберген Ержан, Бай­ділдә Жылқышиев, Роман Ким, Уәлихан Қайназаров, Сәкен Қаныбеков, Фахриддин Қара­таев, Мансұрхан Махамбетов, Берік Оспанов арнайы сапармен келіп, қала, аудандарда жұртшылықпен кездесуде.  Ф.Қаратаев өзіміздің әріптес. Күні кеше өзбек тілінде шығатын «Жанубий Козогистон» газетінің бас редакторы болған азамат Сарыағаш ауданындағы «Құркелес» елді мекенінде, одан кейін Абай ауылында және Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында кездесулер өткізіп, жұртшылықпен дидарласты. – Біздің Оңтүстік халқы – дархан, еңбекқор халық қой, – дейді Фахриддин Әбдінәбиұлы. – Кездесудегі ойларымды түйіп айтсам, негізгі әңгіме еліміздің келешегі, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың қалай іске асырылып жатқан­ды­ғы сөз болды. Өзге де өзекті мәсе­лелер төңірегінде ой қозғалды. Депутат, сондай-ақ, Жер ко­дексіне өзгерістерге байланысты Елбасының жыл соңына дейін оған мораторий жариялауы елімізде кең қолдауға ие болғанын атап өтті. Тәуелсіздік – біздің ең басты байлығымыз, ұлттық құндылығымыз. Оны шай­қалтуға, іріткі салуға ешкім­нің құқысы жоқ екені айтпаса да түсінікті. Ел ішіндегі кездесулерде ха­лық ойы осы арнада тоғысып жатты. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы