Мамырдың 3-і күні түстен кейін Қарашығанақ кенішінде жұмыс істейтін 22 адам өздерін жайсыз сезініп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде уланған 14 адам Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылды. Сегіз адам алғашқы медициналық жәрдем алғаннан соң үйлеріне жіберілді. Жұмысшыларға қойылған диагноз – өткір гастроэнтероколит.
Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Алтын Орынғалиеваның айтуынша, уланған жұмысшылардың денсаулығы күні бүгін тұрақты және мамандардың толық бақылауында. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, талдау-тексеру жұмыстарына кірісті.
Айта кету керек, өндірісте зардап шеккен жұмысшылардың барлығы мердігер компания – «БатысҚуатҚазақстанСервис» ЖШС-нда еңбек етеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ