• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

Құрметті спорт қайраткері Нұрболат Қанағатов 70 жасқа толды

233 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Нұрболат Қанағатов 70 жасқа толды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол Қазақстан волейболының және ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым әрі жаттықтырушы.   Нұрболат Қанағатов жастайынан волейбол спортына әуес болған. Алматыдағы Алтынсарин атындағы N 2 мектеп-интернатта оқып жүргенде-ақ қалалық волейбол жарыстарына қатысып, көзге түседі. Бойшаң, қимылы ширақ, әр соққысы мығым жас ойыншыны жаттықтырушылар Алматы жасөспірімдер командасына қабылданады. Мектепті үздік бітірген Нұрболат Қанағатовқа қазақ волейболының атасы Октябрь Жарылғаповтың өзі кеңес беріп, Қазақтың дене тәрбиесі институтына (қазіргі-Қазақтың спорт және туризм академиясы) жіберген.   “Қазақ ауыл шаруашылық университетінің Механика факультетіне емтихан тапсырып, жақсы баға алып, оқуға түсіп қойған едім. Кейін Октябрь аға Жарылқапов келіп “мына университетті бітірсең кейін ауылда трактордың астында май-май боп жүресің, ал дене тәрбиесі институтын бітірсең мен сияқты галстук тағып жүресің” деп галстугын қолымен бір ұстап қойған еді. Кейін Октябрь аға құжаттарымды дене тәрбиесі институтына тапсыруға көмектесті. Спорттағы жетістіктерімнің арқасында институтқа емтихансыз түстім” дейді мерейтой иесі.   Нұрболат Қанағатов 1964 жылы институтқа түсе сала студенттер құрамасына алынып, Шымкенттегі ірі жарысқа қатысып, жеңіске жеткен. Қанағатов төрт жыл бойы институттың волейбол құрамасының негізгі құрамында ойнаған. Институтты қызыл дипломмен бітіріп, спорт министрлігінің арнайы жоламасымен Қазақ политехникалық институтына (қазіргі – Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) жұмысқа барады. Сол жылы Нұрболат Қанағатов отан алдындағы борышын өтеуге шақырту алып, Алматы армия спорт клубына жіберіледі. Бұл клубта да ол волейбол клубының белді ойыншысы болған.   “Әскерде жүргенде Ташкентте Орталық Азия командалары арасындағы жарысқа баратын болдық. Бапкеріміз “Ташкентте жеңіске жетсеңдер казармада емес үйде тұрасыңдар” деді. Біз Ташкентте барлық қарсыластарымызды жеңіп, жеңіске жеттік. Ал бапкеріміз уәдесін орындады” деп еске алады Нұрболат Қанағатов.   Әскерден келе сала Қазақ политехникалық институтына (қазіргі – Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) жұмысқа тұрады. Ол институтта волейбол құрамасын құрады. Қанағатов құрған команда волейболдан студенттер арасындағы Қазақстан чемпионатын төрт жыл қатарынан жеңіп алады. Нұрболат Телмұхаметұлы Институтта оқып жүргенде отбасын құрады. Оқу орындағы волейболдың дамуына елеулі үлес қосқан үшін басшылық оған Алматыдан пәтер береді.   Қанағатов волейбол командасымен Киев, Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек), Үрімжі, Баку, Белград, Самаркандтағы ірі жарыстарға қатысқан.   Волейбол ойыншысы, кейін бапкер болған Нұрболат Қанағатов кейін осы спорттың ережесін жетік білетін маман ретінде республикалық ірі жарыстарда төреші де болған. Волейболдан ұлттық дәрежедегі төреші.   48 жылдан астам уақыт Қазақстандағы белгілі университеттерінде қызмет жасаған Нұрболат Қанағатов бүгінде бірнеше ғылыми жұмыстардың авторы. Ол 50 жуық ғылыми-методикалық материал, бес методикалық оқу құралын жазған. АҚШ және Чехиядағы ғылыми журналдарда зерттеу жұмыстары жарық көрген.   Нұрболат Телмұхаметұлының шәкірттерінің бір бөлігі қазір ғылым кандидаттары, кейбірі волейболдан жаттықтырушы болып жүр.   Білім беру саласындағы еңбегі ескеріліп, Нұрболат Телмұхаметұлына 2006 жылы  “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері”, спортқа қосқан үлесі үшін “Қазақстан Республикасы Құрметті спорт қайраткері” атағы берілді.   Бұған қоса Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің спорт және дене шынықтыру кафедрасы доцент дәрежесін алады. Білікті маман қазір де осы университетте шәкірт тәрбиелеп, сабақ береді. Екі жылдан кейін ұстаздық қызметіне елу жыл толатын Нұрболат Телмұхаметұлы әлі де біраз ғылыми жаңалықтар жазуды жоспарлайды.   Нұрболат Телмұхаметұлының бүгінгі таңда жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулуда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрі насихаттауда атқарып жүрген еңбегі зор. Ұстаздық қызметімен бірге бапкерлік қызметі арқылы шеберлік шыңдауға үлес қосып келе жатқан спорт жанашыры. Бүгінде Нұрболат Телмұхаметұлының тәрбиелеген шәкірттері еліміздің түпкір-түпкірінде ұстазының игі ісін жалғастырып жүр. Дастан Кенжалин. Дерек: Мәдениет және спорт министрлігі. Фото: egemen.kz       // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e