АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары әңгіме барысында бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алда келе жатқан 71 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және Еуразия кеңістігіндегі өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылады.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.