17 Мамыр, 2016

Қанат Ислам елге келді

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
?????????????????????????????????????????????????????????? АСТАНА. 17 мамыр. Бүгін Алматыға Америка Құрама Штаттарынан Қанат Ислам келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атлант мұхитының ар жағында шаршы алаңда халқымыздың атағын шығарып жүрген боксшыны Алматы әуежайында 200-ге жуық адам қарсы алды. Олардың арасында Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Бауыржан Оспанов, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен басқа да спорттың басы-қасында жүрген азаматтар болды. Әуежайда боксшыны көпшілік атын айтып, ду қол шапалақпен қарсы алды. Қанат әуежайда багажын алып, жанкүйерлерге беттеген кезде алдымен өзіне қолдау көрсетіп жүрген ағаларымен құшақтаса амандасты. Осы жерде Амалбек Тшанов барлық жанкүйерлердің атынан боксшының иығына шапан жапты. Әуежайдан шыға бере оны тағы басқа жанкүйерлер күтіп алып, тағы да қошемет көрсетті. Осыған Қанат ризашылығын білдіріп, көпшілікке алғысын айтты. «Ассалаумағалейкүм халқым! Рахмет сіздерге. Мен негізі мұндай тосын сыйды ойламаған едім. Мұның өзі біздің елдігіміздің, біздің егемендігіміздің, тыныштықтың арқасы. Тыныштық болмаса біздің бокс, біздің өлең кімге керек. Сол үшін өте қуаныштамын. Біз спортшы болғаннан кейін қазақтың көк туын көтеру біздің міндет. Менің бала күнгі арманым қазақты, көк туымызды бүкіл әлемге таныту еді.  Мен алдағы кезде де еліміздің үмітін ақтап жүремін», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.