АСТАНА. 17 мамыр. Алматы қаласында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен диктант жазады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жалпықазақстандық ашық диктант ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналады. Бұл шара ертең Достық үйінде өтеді.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту көзделіп отыр.
«Тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту басты міндет», – деді Алматы қаласы әкімі аппаратының өкілі Еңлік Ерболқызы.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, фото: inform.kz.
• 17 Мамыр, 2016
Алматыда өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен диктант жазады

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше