17 Мамыр, 2016

Хайуанаттар бағының экс-директоры сотқа тартылды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-05-2016 zooparkҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағанды қаласында хайуанаттар бағының бұрынғы директорының ісі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған тілшісі хабарлады. Экс-директорға қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық қылмысының сипаты бар «Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған» бабы айып ретінде тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінің тұжырымы бойынша, хайуанаттар бағының бұрынғы басшысы мекемедегі аңдарды Қарағанды қалалық әкімдігінің келісімінсіз заңсыз айырбастап және сатып, мемлекетке едәуір шығын келтірген. Айта кетейік, 2015 жылы хайуанаттар бағында прокурорлық тексеріс болып, бірқатар заңбұзушылықтың беті ашылған еді. Сол тексеріс нәтижесінде өз міндеттеріне жауапсыз қараған 16 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі. Фото: kapital.kz.