ҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағандыда денсаулық сақтау саласының тұңғыш ахуалдық орталығы ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орталықты құрудың арқасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін қадағалау және басқарудың тиімді тетігіне қол жеткізеді. Сонымен қатар, аталған орталық медициналық ұйымдар, мамандандырылған қызметтер жұмысының көрсеткіштеріне жедел мониторинг жүргізіп, олардың қызметін ұдайы қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Ахуалдық орталық жұмысы жолға қойылғанда маңызды ақпараттар жедел алынып, басқарушылық шешімдер уақтылы қабылданып, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау саласы жұмысының тиімділігі артады және тұрғындар денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттанарлық баға береді деп күтілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
• 17 Мамыр, 2016
Қарағандыда еліміздегі тұңғыш ахуалдық орталық ашылды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше