18 Мамыр, 2016

Рио-де-Жанейродағы ойындар басталар сәт жақын

320 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Rio2016_AOЖазғы Олимпиадаға 78 күн қалды Күннен күн асқан сайын межелі мерзім жақындап келеді. Сәуірдің 21-інде ежелгі Олимп тауының етегінде тұтатылған алау 6 күннен кейін Афина қаласында Рио-2016 ойындарын ұйымдастыру комитеті өкілдеріне тапсырылды. Осыдан кейін Женева арқылы Бразилияға апарылды. Мамырдың 3-інен бері алау эстафетасы елдің бүкіл аумағын аралап жүр. Осы 95 күннің ішінде 83 қала мен 500-ден астам қалашықтарды жағалап өтетін отты тығыршық дәл 5 тамызда Рио-де-Жанейродағы атақты «Маракана» стадионына жеткізіледі. Ал бұл аралықта кезекті XXXI жазғы Олимпия ойындарының әлі таратылмаған жолдамаларын жеңіп алу жолындағы жарыстар жаһанның түкпір-түкпірінде қызу жүріп жатыр. Осы кезге дейін Қазақстан спортшылары айтулы аламанға спорттың 22 түрінен 82 лицензия жеңіп алып үлгерді. Алдағы уақыттарда бұлардың саны тағы да арта түсуі тиіс. Астаналықтар Олимпиадаға құрмет көрсетті Астанада Рио-де-Жанейро Олим­­пиялық ойындарының құр­метіне арналған спорттық шара өткізілді. Оған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұ­хамедиұлы, Ұлттық Олим­пиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин және қала әкімі Әділбек Жақсыбеков бастаған лауазымды тұлғалар келді. Төрт жылда бір айналып ке­летін циклдық спорт жарысы құрметіне ұйымдастырылған айтулы акцияны тамашалау үшін қаланың көптеген тұр­ғындары жиналды. Олар осы аламанда еліміздің на­мы­сын қорғайтын спорт­шы­ларымызға қуатты қолдау көрсету үшін келді. Жан­күйер жұрт шара барысында бірқатар саң­лақтарымыздың өнерлерін тамашалап, түрлі жарыс­тар мен шеберлік дә­ріс­теріне қатысты. Сол сәттері «Хан Ша­тыр» сауда-ой­ын-сауық орта­лығының ма­ңы на­ғыз спорттық алаң­­ға айналып кетті. Көпшілік алдын­да сөз сөй­леген қала әкімі Әділбек Жақ­сыбеков олимпиадашыларды төртжылдықтың бас­ты додасы басталатын шақтың жақын қалуымен құттықтай оты­рып, спортшыларға бәсірелі бәсе­келерде табыс биігінен кө­рінуді тіледі, ал жиналғандарды спортпен айналысуға шақырды. «Мен Қазақстан спорт­шы­ларының Олимпия ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынына сенемін. Олар­­­ға сәттілік және денсаулық тілеймін. Бұл – әлемдегі ең елеулі және ауқымды шаралардың бірі. Қазірге дейін біздің спортшыларымыз Олимпиаданың 82 жолдамасына қол жеткізіп отыр. Елімізде Президенттің тапсырмасымен спортшылар үшін барлық жағдай жасалған, сондықтан олар жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Біз өз кезегімізде оларды қолдап, демеу көрсететін боламыз», – деді қала басшысы. Жиында Астана спорт­шы­ларының алдағы межелері туралы да айтылды. Күні бүгінге дейін олар спорттың 8 түрі бо­йынша 13 лицензия жеңіп алған. Ал алдағы уақытта бұлардың са­ны әлі де арта түсетін болады. олимп-1Ақтөбе де жолдама таратқалы отыр Ақтөбедегі «Достық» су спор­­­ты орталығында жүзуден еліміздің чемпионаты сөреден шықты. Бұл жарыстың ерек­шелігі сол, ашық сипатта өтетін оған Ре­сей, Беларусь және Өзбекстан елдерінің де спортшылары қаты­сып жатыр. Олар осында 5 күнге созылатын жарыс барысында Рио Олимпиадасының лицензиясы үшін күресуде. Осылайша, тамыз айы бо­йы дерлік Бразилияда көрік қыз­дыратын жазғы Олимпия ойындарына қатысу құқығын беретін лицензияларды жеңіп алу бәсекесі басталып кетті. Жарыс cу спорты түрлері бойынша ха­лықаралық федерациясының (ФИНА) мақұлдауымен өту­де. Сайысты бақылауға Қазақ­стан Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің арнайы өкілдері келді. – Чемпионатқа бар­­лығы 17 команда келді. Бізден бас­­ты үміткерлер қата­рында Александр Тарабин, Сабыр Ал­мат, Айбек және Әлі­бек Қам­­зе­­новтер, Екатерина Ру­ден­ко, Әділ Қасқа­бай секілді саң­лақтарымыз бар. Ашық чем­пионатқа қа­ты­сушылардың өнер­лерін бағалаушылар сапына халықаралық федера­цияның ресми төрешісі В.Мака­ревич те қосылды, – дейді Мә­дениет жә­не спорт минис­трлігінің спорт және денешынық­тыру комитеті төраға­сының орынбасары Серік Жарас­баев. Мұнда жарыстың түрінен лицензиялар тағдыры шешіледі. Құраманың жаңа формасы дайын Биылғы наурыз айында Ас­­танада Қазақстан Ұлттық Олим­пиада комитетінің кезектен тыс съезі өтті. Оның барысында 2016 жыл­ғы Рио жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спорт­шыларымыздың парадтық жә­не спорттық формаларының тұсау­кесері болды. Бұл жолы жаңа формада рес­публика үшін дәстүрлі саналып келген түрлі-түсті бояулардан бас тартуға шешім қабылданды. «Қаз­­жеңілөнеркәсіп-Алматы» ки­­ім тігу кәсіпорнының директо­ры Айбек Бектұрғановтың айтуынша, парадтық олимпиялық киімдерді тігуге табиғи жіптер­ден тоқылған жоғары сапалы маталар пайдаланылған. «Ерлердің парадтық формасы құрамына пиджак, жейде, галстук, туфли, жол сөмкесі және қол­­шатыр кірді. Ал әйелдер киімі­нің жиынтығы жеңіл жакет­тен, юбкадан, туфлиден, жол сөмкесі мен қол шатырдан құралды. Формалар әр спортшы үшін жеке тігілді», – деді Айбек Бектұрғанов. «Біз форманы дайындау кезін­де барлық тілектерді ес­керіп отырдық. Соған орай бұрын дәстүрлі сана­лып келген пішімдерден де бас тарттық. Оның қалай шыққанын қазір өз­деріңіз көріп отырсыздар. Көзді қуан­тады. Осыған орай саңлақтарымыз үміт­ті де ақтап, жо­ғары та­­быстарға жетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді», – де­ді Олим­­пиада чемпионы Серік Сәпиев. Киімдерді дайындауға қа­тысқан ком­панияның бас директоры Елена Савичева костюм­дер­ді әзірлеу барысында Бра­зилиядағы ауа райы жағдайының ерекшеліктері де ескерілгенін айтып өтті. Ұлттық олимпиялық коми­теттің басшысы Тимур Құлыбаев жиында киімдер үлгілеріне жоғары баға бере келіп, еліміздің спорт қауымдастығын барлық күш-жігер мен ынта-ықыласты Рио-де-Жанейрода өтетін Олим­пия ойындарында жоғары нәти­же­лерге жетуге ұмтылуға ша­қырды. «Біз бірінші кезекте таза спорт­тық және әділ күрес қағи­дат­та­рын ұстануға тиіспіз», – деді ол. Боксшы қыздар елордада жолдама үшін күреседі Астанада мамырдың 19-27-сі аралығында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өт­келі тұр. Ол 51, 60 және 75 килоға дейінгі салмақтар дәрежесі бо­йынша Олимпиада жолдамасының иелерін анық­тайды. Бізден мұның алдында өткен олимпиялық ірік­теу тур­нирінде 75 килоға де­йінгі салмақтағы Дариға Шәкімова лицензия жеңіп алып қайтқан болатын. Де­мек, елорда рингінде енді қалған екі салмақ бойынша кескілескен күрес жүреді. Со­ған қарамастан, Қазақстан бірін­шілікке толық құрамымен қатысады. Астана қаласындағы «Ба­рыс-Арена» сарайында жалау көтеретін сайыста әлемнің 64 елінен келетін 300-ге жуық бұрымды былғары қолғап шебер­лері күш сынасады. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»